JOKERLADGER
28.10.2021 05:31

Оқу мақсаты 6.4.4.3 - үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану 6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі

құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)

Бағалау критерийі Білім алушы

 Үстеудің мағыналық түрлеріне қарай синонимдік қатарды қолданады

 Тақырыптан ауытқымай, құрылымын сақтап, эссе жазады

 Көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді

Ойлау дағдыларының деңгейі  Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты  15 -20 минут

1. 1-тапсырма. Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын анықтаңдар.

Әлемнің ең үлкен кітапханасы

«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.

Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің түкпір- түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды.

«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми басшылық жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдатқа барған. Осы кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар.

Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз.

Үстеулер Мағыналық түрлері Синонимдері

2. Мәтінді екінші қайтара оқыңыз. Мәтінде орын алған мәселелерді анықтаңыз.

1-мәселе

2-мәселе

3-тапсырма. Абзацтар жүйесін сақтап, келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп, эссе жазыңыз. (сөз саны 80-100)

Бүгінде ғалымдар бірнеше жылдан кейін роботтар адам еңбегінің орнын басып, кейбір мамандық иелерін жұмыссыз қалдыруы мүмкін екендігін айтуда. Сіздің ойыңызша, адам қолымен, адам ақылымен жасалуы тиіс жұмыстарды роботтар толықтай атқара алуы мүмкін бе? Ғалымдардың бұл пікірімен сіз қаншалықты келісесіз?

Бағалау критерийі Тапсырма

№ Дескриптор

Білім алушы

Мәтіннің мазмұнын, көтерілген мәселені талдайды 1 мәтіндегі мәселелерді анықтайды; 1

1

Үстеулерді табады; 1

Мағыналық түрлерін ажыратады; 1

Үстеудің синонимдерін қолданады 1

Тақырыптан ауытқымай, құрылымын сақтап, эссе жазады

Көтерілген мәселеге өзіндік көзқарасын білдіреді

эссенің тақырыбынан ауытқымайды;

эссе құрылымын (абзацтар жүйесін) сақтайды;

өзінің көзқарасын білдіреді;

келісу-келіспеу себептерін айқын жазады.

Сөз санын сақтайды 1

1

1

1

1

Барлығы 10

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
katirina61171Rfn
04.01.2020 06:02

Берілген билетке жауап.

1 сұрақ.

Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Батаның түрлері -біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақта батыр билерден, шашашсына шаң жұқпайтын ақындардан бата алуға құштар болған.      

Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Батаның мақсаты: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны жаратқан иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды.Басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді.

Батаның түрлері:

1. Нәрестеге бата

2. Асқа бата

3. Ұлға бата

4. Қызға бата

5. Келінге бата

6. Сапар бата

7. Жастарға бата

8. Сүндет той батасы

9. Наурыз батасы

10. Ораза айт батасы

11. Жарапазан батасы

12. Ас қайыру батасы т.б.

2 сұрақ.

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

3 сұрақ.

Ит өлген жер – алыс;

Қырғиқабақ болу – ұрысу;

Ешкімнің ала жібін аттамау - ешкімнің жолын кеспеу,қарғысына жолықпау.

0,0(0 оценок)
Ответ:
marfmelov
05.02.2021 09:38

Адамның қалаған нәрсеге қол жеткізе алмауының себебі көбінесе жағдайлар емес, сонымен қатар мүмкіндіктерімізден толықтай пайда көруге кедергі жасайтын ішкі сеніміміз.Адамның мүмкіндіктері іс жүзінде шектеусіз.Ия,сіз өзіңіз қалаған нәрсеге ие бола аласыз:денсаулық, бақыт,мансап және т.б

Біздің қабілеттеріміз қайда жасырулы? Әрқайсымыздың ішімізде деп ойлаймын.Бұл - біздің миымыз. Ғалымдар дәлелдегендей,тіпті ең танымал ойшылдар оны 25% ғана пайдаланады екен.Қалған 75% қолданылмайды.Миымыздың көп қорын қолдану мүмкіндігі бізге не береді? Сіз таңқаларсыз, бірақ бұл адамды құдіретті етеді.

Миымыз біздің ойлау процестерімізді басқарғандықтан,мұнда әртүрлі деструктивті ойлар мен теріс көзқарастар болады.Және бұл дегеніміз,біз ішінен өзіміз қалаған нәрсеге жету мүмкіндігінен айырылып, өзіміз қалаған адам болуға кедергі жасаймыз.Біздің миымызда: "Мен ешқашан істей алмаймын ...","мен жеткілікті түрде жақсы емеспін...» және тағы басқалар сияқты ойлар бар. Бірақ тәжірибе көрсеткендей адам осындай күмәндардан айрылса,өзіның биікке қалай көтерілгенін де байқамай қалады.Бұған мысал ретінде, Гиннестің рекордтар кітабындағы көптеген атақты адамдардың іс-әрекеті.Өткен ғасырда өмір кешкен Трояны ашқан ғалым Шлиман 22 тілді білген екен. Моцарт 5 жасында симфония жазса,тас керең Бетховен өлмес классикалық музыкалық шығармалар қалдырды.Олардың құпиясы қарапайым:олар өздерінің қабілеттеріне күмәнданбаған.

Және бұл адамның физикалық қабілеттеріне де қатысты.Көпшілігіміз ауыр машина көтеру үшін жеткілікті физикалық күш сезінбейміз.Бірақ дөңгелектің астына түсіп қалған балаларды құтқаруға тырысатын аналар ауыр автомобильдерді өз күштерімен көтерген жағдайлар бар.Олар күнделікті өмірде бұны ешқашан істей алмаған еді,бірақ стресстік жағдайында баламды құтқарам деген оймен олардың барлық шектеулі көзқарастары жойылып кеткен.Осындай мысалдар өмірде өте көп.

Қорытындылай келе,біздің санамыздағы шектеулерді өзге емес,өзіміз орнатамыз.Біз өзімізді жеткіліксіз талантты, табысты,күшті, бақытты деп санамаймыз.Осындай кедергілермен күресуге,оларды керісінше ауыстыруға және осылайша қажетсіз кедергілерді жоюға болады. Біз өзімізді өзіміз ғана жаратамыз және біздің болашағымыз тек өзімізге байланысты.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота