mlgcuca
08.01.2022 10:05

1.Берілген сурет неге «қара ұшбұрыш» деп аталады? 2.Тарансатлантикалық құлдық қай уақыт аралығында болды?

3.Америкадағы құлдықтың қандай ерекшелігі болды?

4.ХIХғ Америкадағы құлдықты жою қозғалысы туралы не білесіз?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Пенелопа2189
24.12.2020 02:21

Ел мен жер тағдыры екіталай күйге түскенде қолына ер-азаматтармен бірге қару алып, ұрыс даласында атой салған қазақтың батыр қыздары мен аналарының көп болғаны қарт тарихтың еншісінде жатқан хақ ақпар. Бүгінде оларды дәріптеу былай тұрсын, есімін ұран еткендердің қатары мол. Бұл анасын ардақтаған текті ел үшін зор мәртебе, үлкен қуаныш болса керек-ті.  

Қазақ қыздарының әрбірінің бойында қайсарлық пен батылдық, жанарында жалын бар. Олардың осындай қайсарлығы мәңгі өшпес алаумен тең. Үндінің Дели сұлтандығының басын XIII ғасырда қарумен қосқан Рәзия патшайымның да шыққан тегі қыпшақ екені белгілі болды, яғни, түбі қазақ деген сөз. Сондықтан да батыр аналарымыз жайлы тарихтың тереңінен мейлінше сыр суыртпақтауға болады. Домалақ ана, Қызай ана, Жанат, Қарқабар, Алтыншаш, Әлпеш, Момын аналар, Айсары, Таңсұлу, Айтолқын арулар, Ақбикеш, Мақпал, Бопай ханымдар, Айша бибі, Рабиға бегім, Қарашаш, Еңлік, Баян сұлу сынды қазақтың батыр қыздары мен аналары том-том еңбектер жазуға лайық.

Атақты Қабанбай батырдың жары Гауһар  өте ақылды, тапқыр жан болған деседі. Соғыста әртүрлі тәсіл ойлап таба білген. Мәселен, түйенің өркешіне найза байлап соғыс алаңына алып келгенде жау жағы қазақтарға қосымша әскер келді деп қаша жөнелген екен. Осындай тәсілдерді соғыс үстінде таба білуімен ерекшеленген Гауһар мәңгі ел есінде.

Назым – Қаракерей Қабанбай мен Гауһардың қызы. Қаһарман қыз сан рет жау әскерін талқандап, әкесімен бірге қазақ-жоңғар соғысына қатысып, елін қорғаған оның ерлігі елге аңыз болып тараған.  

Ақбикеш жауды алыстан көретін қырағылығымен танылған қыз екен. Соғыста жау жасағын бақылап, оның бағытын хабарлап отырған. Тіпті, жау бағытын анықтау үшін Қаратау өңіріне биік мұнара салдыртқан. Талай ұрыста қапы қалып, әбден өшіккен жау Ақбикешті қолға түсіріп, қырағы көздерін ойып тастаған көрінеді. Қаратаудағы «Ақбикеш мұнарасы» осы батырдың құрметіне аталған.

Ботагөз батыр – Есет баһадүрдің қызы. 1742 жылы Орынборға кеткенде елін қалмақтар шауып, жылқыны айдап алып кетеді. Сол тұста  150 сарбазды бастап барған Ботагөз жау әскерін тас-талқан етіп, тірі қалғанын тұтқынға алып жеңіспен оралған. Қыз бастаған қолдан ойсырай жеңілгенін естіген қалмақ қолбасшысы  бас сауғалап үлгерген негізгі әскерді қатаң жазалаған екен.  

Бопай батыр – Кенесары ханның қарындасы. 1837-1847 жылдары Ресей отаршылдығына қарсы жүргізілген көтеріліске қатысқан ол   600-ден астам сарбазды басқарған. Бірнеше рет тұтқынға түссе де  ебін тауып құтылып отырған Бопай батыр сарбаздарды азық-түлік, қару-жарақ, киім-кешекпен қамтамасыз етуде айрықша қажыр-қайрат көрсеткен. Барлық істе табандылығымен, ақыл-парасатымен танылып отырған қазақ елінің мақтанышы, ардақты анасы.  

Бақты батыр – әкесі жаужүрек болған текті жердің қызы. Алаш арыстарының бірі Мұстафа Шоқайдың әжесі. Бақты әкесімен бірге Түркістанды жаулаушы орыс отаршылдарына қарсы барлаушылық қызмет атқарған.

Міне, қазақтың осындай жаужүрек батыр қыздары мен аналары ел тарихын қалауда, елдігімізді берік етіп, мемлекетімізді құруда айрықша үлес қоса білген. Біз сондай-ақ Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды майдангерлерді, Ләззат пен Сабирадай  қайсар қыздарымызды атаусыз қалдыра алмаймыз. Олар да кешегі батыр аналардың жолын жалғаған, елдігіміз үшін, өр рухымыз үшін аянбай күрескен намысшыл аруларымыз еді. Сол намысты да рухты қыздарымыз бен аналарымыздың ізбасарлары  егемен елден көптеп шыға бергей.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Romabl4
02.01.2020 02:04
1Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.       2Денсаулық — зор байлық.
   
3Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.     4Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.  5Өлгенге өкпе жүрмейді.     О дружбе 1Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

2Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды. 
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

3Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа. 

4Айтулы достың малы бір, 
кемедегінің жаны бір.  5Ауыр сөз айтқан дос емес. 

6Босқа бергенше досқа бер. 

7Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады. 

8Дәмді болса - достық қымбат, 
Мәнді болса - жастық қымбат.

9Дос — ажарың, жолдас — базарың.  10Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды. 

11Дос бергеннің түсіне қарама. 

12Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса (Әбубәкір). 

13Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол. 

14"Дос" деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар. 

15Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады. 

16Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес. 

17Дос егіз, дұшпан сегіз. ОБ Уме    1Адамның жүзі ақылдың айнасы.

2Айғайлы жерде ақыл аз. 

3Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу. 

4Айлалы түлкі алдырмас. 

5Айласыз батыр алдырар. 

6Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел. 

7"Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз, Ақылды бастың өзі болмасаң та қүлағымыз". 

8Ақыл ағадан, ілтипат ініден. 

9Ақыл адам көрігі, 
ақылдың сабыр серігі.

10Ақыл азбайды, 
Әділдік тозбайды,

11Арамдық озбайды. 

12Ақыл айнымас, алтын шірімес. 

13Ақыл айтсаң батыл айт. 

14Ақыл — алтын сандық, 
адамына қарай ашылар.

15Ақыл — арман, ой — өріс. 

16Ақыл ауыздан, мерей көзден.    О ДОБРОТЕ1Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі. 2Қайыр бар жерде ырыс бар. 3Қайыр қылсан, бүтін қыл. 4Жақсылық суға батпас, жарыққа бір шығар, жатпас. 5Жақсылық жерде қалмайды. 6Жақсылық — жүректен, жамандық — білектен. 7 Жақсылықтың ерте-кеші жок 
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота