mjsden80
20.06.2021 18:07

Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 жылы қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 жылы Қазанда «Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарының сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал басынан амандасу рәсімін өз бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстетикалық талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сараның 19 ғасырдағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Айтыс негізіндегі Қ. Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 жылы М. Төлебаев «Біржан — Сара» операсын жазды. Тақырып
Негізгі идеясы

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kisuli1
16.06.2021 13:38
Мәншүк Маметова
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова 1922 жылдың 23 қазанында Батыс Қазақстанда дүниеге келген, ата-анасы Мәншүктің бес жасында дүниеден озған. Сондықтан да Мәншүк Алматыдағы тумаларының тәрбиесінде болған. Сонда мектеп бітіріп, Алматы медицина институтына түскен. 1942 жылы институттың екінші курсынынан өз еркімен әскерге сұранған және әскерге шақырылған. Әскерде пулеметчиктер(атқыштар) курсын оқыған. 
1943 жылы Псков облысының Невель қаласын жаудан құтқару кезінде басынан ауыр жарақат алып, қайтыс болған. Сол шайқаста жетпістен астам жаудың көзін жойған. Жаужүрек қыз 21 жасқа толуына сегіз күн қалғанда қанды шайқаста қаза тапқан. Оған қайтыс болғаннан соң, Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Ер есімі- ел есінде.
0,0(0 оценок)
Ответ:
maximpopov2001
24.06.2020 17:19
Отбасы шағын мемлекет" демекші, өз отбасымды, әрине, айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым қазақ отбасылардың біріміз. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, 

"Әке- асқар тау, 
Ана- етегіндегі бұлақ, 
Бала-жасындағы құрақ" 

-деп тегін айтылмаған болар. Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген, жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. 

Осының бәрі "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің... "деген мақалға сай келіп тұр. Яғни отбасында көрген тәлім, жадына тоқыған тәрбиенәң арқасында көкірегі ояу, есті болып өсуіміздің кепілі . 

"Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет" демекші ,сыйласу арқылы бірлікте өмір сүреміз. Еркелігімізді, аяқ шалынған қателескен кездергі қателігімізді түсініп кешіре білгендер кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпайтын әке шешеміз. Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота