Масим007
05.11.2020 16:42

Құпияға толы мекен Шарын шатқалы туралы естідің бе? Ол әлемдегі Алматы қаласынан 195 шақырым қашықтықта орналақсан. Шатқалды бойлай ағып жатқан Шарын өзені ең үлкен өзен аңғары болып есептеледі. Табиғаттың мұндай көркі сонау 30 млн жыл бұрын пайда болған. Шарын шатқалының «Австралия Ұлттық саябағы» мен «Аризон толқынына» ұқсайтын белгілері бар.
Ал Маңғыстау жақтағы Бекет Ата жерасты мешіті ше?! Оның өзі де керемет тарихи-мәдени ескерткішіміз. Ол туралы түрлі аңыздар бар, сен егер қызықсаң, интернеттен іздеп көрсең болады. Немесе келгеніңде көзбен көресің.
Қысқасы, досым, мен сені асыға күтемін. Алдағы жазымыз қызықты әрі түрлі танымдық саяхатқа толы боларына сенемін. Өзіңнен жауап күтемін.
Сәлеммен, досың Асқар.
Сәлем, досым!
Қалың қалай, ата-анаң, сабағың қалай? Менде бәрі қалыпты.
Өзіңнен хат алғалы қуанышымда шек жоқ, сенің жаңалығың мені қатты қуантты. Сен алдағы жазғы демалыста біздің елге саяхаттап келсең, мен саған еліміздің тамаша табиғаты мен көрнекі жерлерін көрсетемін, таныстырамын. Біздің кең байтақ даламыздың табиғаты тамаша, құпияға толы мекендер көп.
нужен ответ правильный ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ajklggghzyz
24.12.2020 23:56
Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады. Буат-буат ақшаң болғанмен бақытыңды бөлісер бір досың болмаса тірлігіңнің мазмұнды бола қоюы қиын. Қазақ халқы үшін "дос” киелі ұғым. Бұл – кезінде батыр бабаларымыздың досы үшін жанын пида етуге дейін барғандығымен-ақ айқындалып тұр. Бұл мақал осыдан шықса керек: "Ақылы көпті жау алмас, досы көпті жау алмас” . Бүгінгі таңда достықтың құны базардағы бағадай қымбатпа, әлде арзан ба? Жалпы дос деген ұғымды сенімділігіне қарай үш түрге бөліп қарауға болады. Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады. Екінші, жалған дос. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдакүнем. Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де сенбеуге де болмайды. Қазіргі тілмен айтар болсақ агенттегі дос. Бірі таныс, бірі жат. Бірі ашық, бірі жұмбақ. Бір қызығы, кейде интернет арқылы танысып бақытты өмір кешіп жатқандарды да кездестіріп қаласың. Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. "Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ пәлсапасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Sawensia
22.09.2022 02:06
«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек.Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға, - деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні де сондықтан.Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәселен Абылай хан өзін Төле бидің, Шәкәрім, осы замандағы көптеген дарын иелері өздерін Абайдың шәкірттері деп есептеген.Шәкірттің өмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сый-құрметі де айрықша болса керек.Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота