
- Сенің сүйікті пәндерің қандай?
- Қазақ тілі, ағылшын тілі және география.
- Сен қандай үйірмелерге қатысасың?
- Мен аптасына екі рет домбыра үйірмесіне және екі рет ағылшын тілі үйірмесіне барамын.
- Сенің сүйікті ісің бар ма?
- Иә, мен бос уақытымда сурет салғанды ұнатамын.
- Биылғы жазғы демалысыңды қайда өткізетін болдың?
- Алғашқы айда атам мен әжеме барып, жайлауда біраз демаламын. Одан кейін отбасымызбен Бурабайғ абарып демаламыз.
- Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?
- Мен болашақта дәрігер болуды армандаймын.
- Неліктен дәрігер болғың келеді?
- Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімімді, күш - жігерімді жұмсап, аянбай еңбек еткім келеді.
- Күніне ғаламторда қанша уақыт өткізесің?
- Жалпы ғаламторды тек сабаққа қажетті ақпарат іздеген кезде ғана қолдануға тырысамын, себебі ғаламторды жиі пайдаланғандықтан тәуелділік пайда болуы мүмкін.
"Жолақты жыртқыш" жайлы.
Хайуанаттар әлемі қызықты әрі сан алуан.Оның біз білетін жаңалықтарымен қатар,мүлдем естіп көрмеген қырлары мен сырлары да көп.Мысалы,патша ұғымын лайықты аң – жолбарыс туралы көбіміз білеміз.Алайда, жолбарыс мысықтұқымдас болса да,суды жақсы көретінін,тіпті бірнеше шақырымдық өзендерді де жүзіп өтетінін бірі білсе,бірі біле бермейді.Оның табанының бір соққысы, аюды өлтіруі мүмкін. Сондай-ақ, бұл жануардың тістері, сүйекті сындыруға шамасы жетеді.Осыдан-ақ оның күшінің көптігін,алпауыт әрі қайсар аң екендігіне көзіміз жетеді.Солай бола тұра,жолбарыс адамды азық ретінде қарастырмайды, бірақ қауіп төнсе шабуылдауы мүмкін.Жолбарысты аулауға барлық елде тыйым салынған.Себебі,бұл қайсар аңның да бүгін санаулы түрлері қалған.