
Сәлеметсіз бе әжетай! Қалыңыз қалай? Ауыл тыныш па? Сізде бәрі жақсы ма? Өзіңізді күтіп жүрсіз бе? Ауылдағылардың жағдай қалай? Менде, бізде бәрі жақсы. Сізді қатты сағынып кеттім ғой. Сіздей нағыз әже менде ғана бар ма деймін. Нағыз әже сіздей болсын. Менің қатты ауылға барғым келеді. Сіз қалаға қашан келесіз? Мен сізге арнап өлең шығардым. Оқып көріңіз.
Әжем менің ардақты.,
Әжем менің салмақты.
Мені жақсы көретін,
Нағыз әжем бар менің.
Бұл өлеңде сіз туралы айтылған. Жарайды әжетай сау болыңыз! Аман болыңыз! Сіздің хатыңызды күтетін боламын.
Сәлеммен сіздің немереңіз.
отбасы - табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Бір шаңырақ астында ең жақын адамдарыңмен тыныштық пен сыйластықта тұрасың. Отан отбасынан басталады демекші осы отбасыдан басталады. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.Отбасыға ата-ана , бауырларымыз жатады. Отбасыны кішкентай бір мемлекет десе де болады. Сонымен отбасы ең ыстық, ең құнды. Оны бағалай білуіміз керек!