
ҚазАқпарат - Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы атап өтіледі. Тәуелсіздік - ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Тәуелсіздік бізге бір күнде берілген жоқ, оның тарихы тым тереңде. Кешегі 90 жылдары, тәуелсіздіктің ақ таңы атып, қазақ өз тамырынан, өзегінен нәр ала бастады. Әрине, бұл күнде Қазақстан әлем таныған елдердің қатарында. Өзін тану, өз болмысын түпкілікті білуге деген құштарлық тәуелсіздіктің алғашқы тұсында үлкен екпінмен басталған-ды. Тарихтың ақтаңдақ беттері ашылып, кешегі күнімізге еркін үңіле бастадық. Мұның барлығы жарқын тәуелсіздіктің арқасы. Бұл күнге қазақ елі оңай жеткен жоқ, қаншама қиын-қыстау зұлмат күндерді басынан өткізді. Қазақ жазушылары өткен күндердің куәсі ретінде, сол кезеңдердегі тарихи шындықты, нақты
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/ushkan-uya-otan-otbasynan-bastalady_a2914582
Гиннес рекордтар кітабы - әлемдік рекордтар енетін жылдық жинақ.
Гиннесс кітабына адамның, жануардың, табиғаттың т.с.с. жеткен жетістіктері, өзгелерден ерекшелендіретін күйі, қалпы жайлы жазылады. Алғаш рет Гиннесс кітабы 1955 жылы ирландтық сыра қайнатушы «Гиннесс» компаниясының басшысы Хью Бивер сэрдің тапсырысы бойынша жарық көрген. 1956 жылы кітап 5 000 000 дана таралыммен сатылған. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша 100 мемлекетте 23 тілде басылып шығарылады. 2003 жылы «Гиннесстің рекордтар кітабының» таралымы 100 000 000 данаға жеткен.