schvarzengold100
06.03.2023 22:08

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Білімсіздің күні қараң. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанының даму жолында аянбай, тер төгеді.Қазіргі бой жарыстыратын емес,ой жарыстыратын заманда «алма піс,аузыма түс»деп жатудың өзі әбестік.Жалын мен жігерді,ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі.Жастарды білім жолына салып,түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу – білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады.Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі.Келешектің іргетсын қалау үшін ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Әрбір жастың алаңсыз білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Нұрлы болашақтың даңғыл жолындашабысы қатты тұлпардай жүйіткіген Қазақстанның жастары текті ұлттың ұрпақтары екеніне келер күн мен атқан таң бірден-бір куәгері болмақ.

Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтап жазыңыз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sachachura
11.12.2021 07:08

Менің ұлым авар анасы  үйреткен тілді ұмытпауға тиіс»  деп басталатын бұл эссенің мағынасы тереңде.  Тіліңді ұмытқаның – еліңді, тарихыңды, анаңның ақ сүтін ұмытқанмен пара пар деген түпкі идея жатыр. Тілін ұмытқан кез келген адам – өткенін де бүгінін де мәңгі ұмытты деген сөз. Бұл эсседе өз ана тіліңді ұмытып өзге елде ғұмыр кешкенше, тірі басып жүрмей-ақ қойғаның абзал деген мазмұн бар.

«Ана тілім! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім-сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері тірлігімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі.Ернім күбірлейді.Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді.Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем.Осының бәрі менің тілімде бар» – деп дағыстан ақыны тілін, елін тебірене сөз етеді.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
NasteonaSlasteona
21.09.2021 14:05

Менің сүйікті актерім.

Әр адамның өзі ұнататын, болмысына жақын, талғамына сай актері болады. Біреулері бізге сырт келбетімен ұнаса, екіншілері сомдаған рөлдеріне байланысты ұнауы мүмкін, енді басқалары кәсіби шеберліктерімен ұнауы мүмкін.

Менің сүйікті актерім – Джеки Чан. Ол тек қана танымал қытайлық және американдық актер ғана емес, сонымен қатар каскадёр, кинорежиссёр, продюсер, сценариші, трюктер мен шайқас көріністерін қоюшы, әнші, филантроп, ЮНИСЕФ елшісі.

Джеки Чан 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бастан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драмалық академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді.

1971 жылы академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен. Айта кетерлік бір жайт – Джеки Чан барлық қауіпті трюктерді өзі орындайды.

Кішкене кезімнен Джеки Чанның киноларын көріп өстім. Бұл актер маған қарапайымдылығымен, асқан еңбекқорлығымен, жомарттығымен ұнайды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота