Тапсырма Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтiрiңiз.
[10]
А мәтiнi
Ғылыми фантастика (ағылш. science fiction - ғылыми туынды) - көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.
Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретiнде ХХ ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгi әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.
Фантастика (гр. phantasia - қиялдау, phantastike - қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану енерiне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегiлiк>> және <Fылыми>> белгiлерiнiн, ара-жiгi ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика - ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екi пiшiмде қалыптасты.
Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алгаш француз поэзиясынын теоретигі Рене Гиль «Сез туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғылыми поэзиянын белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің әкiлi Лукреций Кардын «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан белекше, философиялық-әлеуметтік бағыттағы мүмкiндiгiмен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгiме, т.б.) қарқынды дамып, керкем әдебиеттің арналы саласына айналды.
Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде ХХ ғасырдың 70-80-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетінде ғылыми фантастика жанрынын алгашкы белгiлерiн ертегілерден («Ер Төстік>>, <<Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарын («Қорқыт ата>>, <<Баба туктi шашты Әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда.
Ә мәтiнi
Қараша күз келдi. Солтүстіктен ызғырық жел соғып тұр.Айдын беті қиқулаған құс. Кептi көрген сары тіс аңшы айдындағы құстар тобына аныра қарап, дүниенiн басқа бір кызыгын тамашалап кетiп едi.Өзi құс ату саятына кеп шықпаса да, қаз үйрекке қаршыға, ителгі салғанды, бедене мен шүрегейге кырги мен күйкентай салғанды талай талай тамшалаған. Ол ғана емес, құстар дүниесі, олардың өмірі, әсіресе, ұзақ ұзақ - сапарлары, жолдары Қамбарбек жанының құпиялы ғашығы, ынтызары едi. Мiне, бүгiн Де кун шықпай шығыстан сәуле көтерілген сайын құстардан тыныштык кете бастады. Олар тағы да ұзақ сапарга тартпақ. Ең алдымен көл бетіндегі аққулар тобы, сапарга шыққан ұшақтардың моторын қыздырғаны сияқты, қанаттарымен көл толқындарын сабалап, бiрiн бiрi қуып, қанат - топшысын қыздыра бастады. Аққулардың ұшуға әзiрлiгiн сезгендей, қаздар мен үйректер де қиқу сап, ұрандасып ез тобын жинап жатты. Әсіресе, күздiн ен суығын ала келетін қараша қаздар да сапарға әзірленіп, қым-қиғаш қиқу мен қаңқылға басты.
Ана шынында да өмір гүлі, күннің нұры екен. Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол мектепте мұғалім болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Мектептегі әр баланың мінез-құлқын танып-білуге тырысатын анам маған қатал тәртіп қояды. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Ұйықтар алдында мен одан Абай, Сәкен, Ыбырай аталарымыздың балалық шақтары жайлы сұрай беремін, ол жауап беруден жалықпайды. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Ал мектепке келгенде бізді екінші анамыз – ұстазымыз Сәния Дүйсенбекқызы қарсы алады. Ол кісі жылы қабағымен қарсы ала отырып, бірден қатаң бақылауға алады. Әртүрлі мерекелерде біз қызықты ойындар ойнап, би билеп, ән саламыз, ертегі кейіпкерлері болып ойнаймыз. Сурет, би, хор үйірмелеріне қатысамыз. Сәния, Дәмелі ұстаздарымыз өте мейірімді жандар, біз ол кісілер мектептен қалмаса, ауырмаса екен деп ойлаймыз. Жазғы демалыста мұғалім бізді мұражайларға, қалаға серуенге, кинотеатрға алып барды. Біздің сыныпта Айнұр, Замира, Фатима деген қыздар бар. Олар әр түрлі мінезді, өнерлі. Наурыз айы - мереке айы. Біз Аналарымызды, апаларымызды, қыздарды мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қуаныш тілейміз!
Эссе «Досым саған рахмет » Өмірде шынайы ,өзіне серік болатын дос табу қиын. Достар бір- біріне қиын кезде де, қуаныш кезінде де бірге болып көмектесу керек.Егер достар бір- бірінің сырын сақтай алмаса, ол шынайы достыққа жатпайды. Менің достарым көп.Мен олардың бәрінде жақсы көремін.Солардың ішінде екі досымды ерекше жақсы көремін. Олар Диана мен Гүлсәт.Оларға қиын кездерде қолымнан келгенше көмектескім келеді.Біз кейде ренжісіп қаламыз. Дос болғасын ондай жағдайлар болады ғой …. . Бірақ бір -бірімізбен тез татуласып кетеміз.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку