halker249Neekolay
29.10.2020 18:00

БЖБ-1 Орындау уақыты:                 15-20 минут
1-тапсырма. Берілген суреттерден әңгімеге сай келетін тақырыпты сәйкестендіріңіз.

 
Т.Нұрмағамбетов «Анасын сағынған бала»
 
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
 
Марат Қабанбаев «Бауыр»
Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?»
 
 
2-тапсырма. Әйел бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтаңыз, сызбаға түсіріңіз.
 
 

3-тапсырма. Мәтіннен кейіпкерлердің ең маңызды әрекеттерін анықтаңыз. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты қорытынды жасаңыз.
Шығарма аты
Кейіпкер
Кейіпкердің ең маңызды 2 әрекеті
Кейіпкер образына қатысты көзқарасым
«Анасын сағынған бала» әңгімесі
 
1.
2.
 
«Нағыз әже қайда?» әңгімесі
 
1.
2.
 
 
4-тапсырма.
А) берілген үзінділерде кейіпкердің қандай көңіл күйі білінеді? (қобалжу мен қуану, баланың сағынышы, ішкі сырын ақтаруы, бар ықыласымен қызмет етуі және жақсы көруі).
Ә) үзінді қай шығармадан алынған? Кестені толтыр.
Әңгімеден үзінді.
Кейіпкер көңіл күйі
Шығарманың аты
1.Мамасы мен папасы жайлы баланың шабыттанып айтқаны сондай, осы қалпында пойызға қазір мініп кетердей алып-ұшқан екпін бар еді. Ол-ол ма, сәлден соң Сержанның көздерінде үлкендігі бұршақтай жас тамшыларының пайда болғанын қайтерсің...
 
 
2.Сержан туралған нандарды Есмағамбеттің алдына жақындатып қояды. Шай құйылған кесесін Есмағамбетке алып береді. Оның кесесі босаған сәтте қайтадан әжесіне қарай ұсынады.
 
 
3.Үні жасына лайық нәзік болғанымен, Аяның сөйлеу мәнерінде орнықтылық байқалады. "Райхан сенен екі жас кіші. Оны жылатпай қайта оған өзің көмектесе жүр", - деп  шешесі екеуміз құлағына құя бергендіктен де болар, Ая сіңлісінің қасында кейде өзін үлкен кісідей ұстауға тырысатын...
 
 
4 Сол түні өз әжем түсіме кіріпті. Осыдан отыз жыл бұрынғы қалпы, басында аппақ кимешегі бар екен деймін. Ескі мақаммен ыңылдап ән айтып, ұршық иіріп отыр. Мен болсам әжемнің бүйіріне басымды тығып, еш алаңсыз ірімшік жеп жатыр екенмін.
 
 
 
 
 
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор         Білім алушы

Шығарманың  негізгі ойы мен басты идеясын анықтайды
1
Берілген суреттерден әңгімеге сай келетін тақырыпты сәйкестендіреді.
2
 
Әйел бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстырады;
1
Шығарманың негізгі ойы мен басты идеясын анықтайды;
1
Шығармалардағы негізгі кейіпкерлерді анықтайды;
 
Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді.
2
3
4(а,ә)
1-шығармадағы кейіпкерді анықтайды;
1
2-шығармадағы кейіпкерді анықтайды;
1
Әр шығармадағы кейіпкердің ең маңызды  әрекетін анықтайды:
1-әрекет;
2-әрекет;
 
 
1
1
берілген үзінділердегі кейіпкердің көңіл күйін анықтайды;
1
үзінді қай шығармадан алынғанын анықтайды.
1
 
 
Барлығы
10
БЖБ ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
volk007volk
05.12.2020 04:30

Егер мен саяхатшы болсам

Егер мен саяхатшы болсам өзіме әлем мемлекеттерінің астаналарын бір жыл ішінде аралап шығу керек деген мақсат қояр едім. Ол қалаларды тек қана аралап шығып, тамашалау емес, өз еліммен салыстыра отырып әр жүрген жерімде Қазақстан туралы жар сала айтып жүргім келеді. Саяхатшы болу – менің ойымша, ең қауіпті,алайда қызыққа толы сәттері де бар. Саяхатшы болу көптеген жан- жақты білім мен білгірлікті қажет етеді. Баратын ел жайлы мағлұмат жинап, сол елдің мәдениеті мен тілі жағынан біраз болса да хабардар болу керек. Саяхатшылар өз сапары кезінде тек қана барған жерін көріп, тамашалауды мақсат етпей, өзіне мағлұмат жинап, тіпті жаңалықтар да ашып жатады. Осы көптеген саяхатшылар ішінен мен қандай болғым келеді?

Қазіргі әлемдік санақ бойынша әлемде барлығы екі жүз елу бір ел бар. Бір жылдың ішінде әр бір жарым күн ішінде бір елге барып отырсам, бір жылдың ішінде әлемнің барлық елдерінің астаналарында болуға мүмкіндігім бар екен. Бір жыл, қазіргі менің оқушы ретіндегі мектептегі өмірімде біршама уақыт. Алайда бұл уақыт егер мен саяхатшы болсам, “бір жыл- екі жүз елу бір астана” атты арманыма дәлме- дәл келеді екен.

Егер де мен саяхатшы болсам, танымал саяхатшылар - Джеймс Кук, Христофор Колумб, Америго Веспуччи сынды жаңалықтар ашқым келеді. Жердің әлі қаншама зерттелмеген, адам аяғы баспаған қызықты жерлері бар. Ит тұмсығы кірмес, адам аяғы баспаған, кірсе атан түйе адасар ну ормандарды көріп, табиғатымен танысқым келеді. Жаңалықтар ашып, білер қоржынымды толтырып, сол білгендерімді кейін еліме қайта оралғанда адамдармен бөліскім келеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
vegeg
05.12.2020 04:30

Мен саяхаттағанды ұнатамын. Мемлектіміз Қазақстанда көркі көз тартар көрікті жерлер көп. Сондықтан әлемнің басқа түкпірлеріне жол тартпас бұрын, туған даламның сұлулығын тамашалағанды жөн көремін. 

Өзім Алматыда туып-өскендіктен, табиғаттың тұмса сұлулығын көріп өстім. Сұлу қалам Алматының көрікті жерлері өте көп. Биші қайыңдар, Шымбұлақ, Медеу мұзайдыны менің жиі баратын жерлерім. Жыл сайын жазғы демалыста басқа қалаларға барып тұруды ұнатамын. Көкшетау, Семей, Жезқазған, Астанада қонақ болып қайттым. Әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Маған Көкшенің сұлу табиғаты айрықша әсер қалдырды. Оқжетпес, Жұмбақтас, Абылайхан тағына бардым. Шортанды көлін көріп қайттым. Мұндағы табиғат, ауа райы, бәрі де  тамаша. 

Ал Астана мен Жезқазған, Семейде бір салқындық бар. Қысы суық, жазы салқынырақ екен. Десе де адамдарының мінезі жайсаң, жарқын. Қай жерде болсын құшақ жая қарсы алып, сый-құрметке бөледі. 

Маған өз елім, елімнің әр қаласы ұнайды. Қазақстан бойынша түгелдей саяхаттап, онан соң басқа да мемлекеттерді көргім келеді. Бірақ Отаныма еш мемлекеттің жетпейтіні анық. 

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота