Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Көктем мен Жаңа жылды қарсы алу мейрамы
Басқаша аталуы
Ұлыстың Ұлы күні
Қайда өткізіледі
Қазақстан, Албания, Ауғанстан, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Иран, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, т.б.
Түрі
Халықаралық деңгейдегі мейрам
Мағынасы
Жаңа жыл мейрамы
Күн-айы
наурыздың 22-і (Қазақстанда; басқа елдерде наурыздың 20-сында, наурыздың 21-інде болуы мүмкін)
Мейрамдауы
Наурыз көже, Хафтсин - Иранда, т.б.
2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді.[1] Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал ҰНЕСЦО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.
ЕКІ МЫҢ ЖЫЛ ЖҮРЕКТІ ТЕРБЕТКЕН ЖЫР
КІРІСПЕ
Қазақ халқы ғасырлар бойы айтып келген бұл жыр сахарадағы мал өсіруші тайпалардың шығарған бір жарқын сәулетті әңгімесі. Бұл туралы жазылған әдебиет әрбір тілде орасан көп, солардың ішінде орыс әдебиетшілерінің пікірі ерекше орын алады.
Бұл жазуларды зерттегенде, олардың аса көңіл қойып, қызыға қарағаны, әсіресе, Көрпеш пен Баян сұлудың тарихи заманнан келе жатқан ұлы мұнарасы, сәулетті етіп жасаған биік кешені. Ескі қазақтар ондай құрылысты «дың», «діңгек» деп атаған. Мұндай ескерткіштер Қазақстанның көп жерінде осы күнге дейін сақталып келеді. (Олар туралы кейінірек тоқталамыз).
Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі Аягөздің оң жағасында, Таңсық деген ауылға қарсы салынған. Қозы Көрпеш - Баян сұлу аңызы бойынша, Сарыбайдың інісі Тайлақ би Тобыл өзені бойынан Аягөзге төрт сан қол (40 мың кісі) жіберіп, Қозы Көрпешке ас беріп, ат шаптырып, той жасайды, Қозы мен Баян сұлудың күмбезін берік етіп тұрғызып, олардың суретін тасқа түсіреді. Баян сұлудың өңін, келбетін әдемілеп келтіреді (Радловтың варианты).
Жанақ ақынның жырлауынша, елу мың кісіні бастап келген Айбас. Олар үш көш жерден (90 километр) тас тасып, Аягөздің биік белесінен күмбез жасайды. Ол күмбез әлі тозған жоқ, оларды ұмыттырмай, артында белгі болып келеді (Жанақ).
Өлсе - дағы Қозыкем арманы жоқ,
Сурет болып бітіпті Аягөзге.
(Жанақ)
Халық аңызы бойынша, Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезі қаланған тасты басқа бір таудан әкелген. Тау мен Аягөз өзенінің бойында көптеген тайпалардың мыңдаған кісілері атпен тізбектеле тұрып, бір қолдан бір қолға беріп жеткізіп тұрған.
В.В.Радлов Қозы Көрпеш - Баян сұлу мұнарасының қай заманда тұрғызылғанын жете танымаған. Оғыз-қыпшақ дәуірінде «дың» салу әдеті болғанын, ол сөз бүгінге дейін қазақ пенен түрік тілінде сақталып келгенін білмеген.
Қазақтармен қатар «дың», «деңглі», «деңглі тепе» түрікменнің көп жерінде кездеседі, әсіресе Ниса, Нишман қалаларының түбінде, Анау мешітінің қасында әдемі сақталған. Олар өзінің қалыбы бойынша не дөңгелек, не төрт бұрышты болып көрінеді; Қазақстандағы ең ескі дыңдармен салыстырғанда кейінірек жасалған оғыздар Сыр бойынан ауып, Амударияға барған кезден (XI ғ.) пайда болған. Олардың ескі түрі көбіне тастан (Нұратада), кейбіреулері балшықтан, пахсадан салынып, төбесі бұзыла бастаған. Сырдария бойында толып жатқан биік «дың қорғандар» сондай кұрылыстың қалдығы. В.В.Радловтың бұл айтылған дың құрылысынан хабары болмай, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» кешенін тұрғызған қалмақтар болу керек» деп жорамал жасаған. Сондай-ақ ол кешенмен бірге қатар жасалған бір топ мүсін тастар арасында мыңжылдық айырма бар деп қараған. Бүгінгі жаңа зерттеулер бұл тұжырымды теріске шығарады. Қасында мүсін тастар қойып тұрғызған дыңдар Ұлытауда, Кеңгір бойында осы күнге дейін сақталып келген. Оның үстіне В. Рубрук: «Куманы (Кипчаки) строят для богачей пирамиды (дың), т.е. остроконечные дома, хотя камней там и не находятся», - деген