Nadia2829
30.07.2022 07:24

4. Төменде берілген мәтінді оқып, тапсырмаларды орында: Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін сақтай отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, өркениетті елдердің өмір тәжірибесінен үйренуді көздеді. Елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да осы зиялы қауым өкілдері болды. Алаш зиялылары Отанға адал қызмет етуді мақсат етті. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Бірінші — жер мәселесі. Жерсіз Отан жоқ. Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді. Екінші— жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік Қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Үшінші — толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді. Төртінші – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек. Бесінші, түпкі мақсатымыз – ғылым мен ұлттық салт- дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру Алаш идеясы ұлттық бірігу концепциясына алып келді. Алаш идеясы қазақтың оқыған, саяси орталықтарда білім алған, мемлекет құрылысын қалыптастыру туралы білетін ұлт зиялыларының басын біріктірді. Алаш идеясының аясында мыңдаған қазақтың басы бірікті. Алаш зиялылары ұлттық әскер құрып, қуатты мемлекетке айналу идеясын автономия құрудан бұрын ойластырған еді. Өйткені мемлекеттің негізгі тірегі, қорғаны — әскер. Өткен ғасырдың басындағы Алаш Орда қайраткерлерінің ұлттық тәуелсіздікке ұмтылыста халық сарбаздарын құру ісі — бүгінгі қазақ әскерінің қалыптасуының алғышарты.
А) Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын тап:
Түйінді-
Дәріптеу-
Талқылау-
Айғақ-
Ә) Мәтінде қанша біріккен сөз бар ?
1) 3 2) 0 3) 1 4) 2 5) 4

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Arinka722
06.02.2022 08:04
Қарны ашқан қазанға қарар.

Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.

Мешкей деген жақсы атақ емес.

Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды.

Ет дегенде бет бар ма?

Өле жегенше, бөле же.

Асы бар аяқтан аттама.

Тату үйдің тамағы тәтті.

Сыйлап берсе, суын іш.

Ас – адамның арқауы.

Ас адамның — арқауы.

Нан— тамақтыңатасы
Ынтымақ — көптің батасы.

Ас иесімен тәтті,
Табағымен жақсы.

Быламық бетінен сыйды,
Көже түбінен сыйды.

Қайғысыз, қара суға семіреді.

Сіңбесастыңбөгеуі жаман.

Қарын тойса,
Қарта әлем сасиды.

Ет — етке, сорпа — бетке.

Аш тамағым, тыныш құлағым.

Асқа талау түссе,
Антұрғанныңмұратын береді.

Қазаныңа не салсаң,

Шөмішіңе сол ілінеді.

Тас қадақ болғанмен
Тамақ болмайды.

Сұрап бергенше,
Соғып бер.

Алты күн аш болсаң да,
Атаңның әдетін тастама.

Жетерін білсең, жей тұр.

Ет жемей жатып тұздық,
Асатпай жатып, құлдық.

Қасық тары ботқа болмас,
Ботқа болса да, жұртқа болмас.

Ас ішсең, атауыңдай іш,
Ауырсаң мұрттай ұш.

Жазғы етте жасық жоқ,
Қымыз аста, қасық жоқ.

Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.

Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.

Айран сұрай келіпсің
Шелегіңді жасырма.

Бақыр қазан қайнаса,
Баршамызға несібе.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Nina1211065
16.08.2022 12:33

Хабарлы сөйлемдер:

Бүгін біздің мектебімізде қалалық шет тілдер Олимпиадасы өткізіледі.

Келесі аптада қаламызға кезекті сапарымен облыс әкімі келмекші.

Ертең сенбілік сағат тоғызда басталатын болды.

Сұраулы сөйлемдер:

Қазақ тілінен үйге қандай тапсырма берілгенін айтып жібересің бе?

Республикалық «Абай оқуларына» сендердің мектептен кім қатысатын болды?

Ертеңгі жиналыс уақыты неліктен өзгертілді екен?

Бүгінгі сабаққа дайынсың ба?

Қазақ тілінен үй тапсырмасын орындадың ба?

Домбыра үйірмесіне аптасына неше рет барасың?

Лепті сөйлемдер:

Көктем келіп, күннің жылынғаны қандай тамаша!

Бәрекелді, мен сенің жеңісіңе сенімді болып едім!

Ендігәрі, терезеге мінуші болма! Құлап қаласың!

Бұйрықты сөйлемдер:

Тез бол, аяғыңды бас!

Тыныш отыр!

Сыныпта болған мәселені ешкімге айтпа!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота