Крис5942314613
01.08.2022 04:47

Тапсырма 1.      Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз.
1)    Акцияның мақсаты неде?
2)    Мұндай шараларды өткізудің кітапхана үшін тиімді жақтары бар ма?
3)    Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай қалыптастыруға болады? Мәтін ақпаратын негізге алыңыз.
4)    Мәтін ақпараты Сізде қандай ой тудырды?
5)    Кітапхана оқырмандарының санын көбейту үшін тағы не істеуге болады?
 
С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Кітапты сыйға тарту күні» акциясы өткізілді. Бұл акцияда әрбір оқырман өзінің оқылған кітабын әкеліп, оны басқа кітапқа айырбастап алып кетуіне болады. Осы науқан күні кітапханаға 220 адам келді, қойылған кітаптар саны – 650 дананы құрады, оның ішінде 550 дана кітап жаңа оқырмандарын тапты. Бұл іс-шарада кішкентай балаларды көру біз үшін үлкен қуаныш болды, балаларды оқуға тартатын ата-аналар құрмет пен мадақтамаларға әбден лайықты жандар. Осының арқасында балалар өз кітап талғамдарын қалыптастыра алады. Оқырмандар бір-бірмен кітаптар жайлы талқыласып, бір-біріне сұрақтар қойды. Олар тек кітап әкеліп қана қоймай, өздеріне керекті кітаптарын тапқаны бізді қатты қуантты. Міне, бұл іс-шарамыздың басты мақсаты болып табылады. 
Кітапхананың кіре берісінде әр түрлі жастағы оқырмандарды Қызыл телпек, Мыстан кемпір, Пират пен Сыған, Көктем, және т.б көптеген ертегі кейіпкерлері қарсы алды. 
Кештің ашылуы «Буккроссинг» акциясымен басталды («Сізді шақырған кітаптарды іздеңіз»), ондағы әрбір кітап өз оқырмандарын тапты. 
Кітапхана фойесінде кеш қонақтары «Әдеби коктейль-бар» атты сайыста өз бақтарын сынады, дұрыс жауап берген қатысушыларға "Синьор Помидор", "Фито-сусын", "Лимонадный Джо" және т. б. коктейльдер ұсынылды. «Маша және Аю» атты фотостендте атақты мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде суретке түсті. Сонымен қатар, фойеде Балқаш сервис колледжі өздері жасаған кондитерлік өнімдерін сатуға қойды.
 
2.       «Бүгінгі таңда кітапханалар қоғамға аса қажет емес, себебі барлық ақпаратты интернеттен табуға болады» деген пікірге жұпта келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз. Ойыңызды айтуда төмендегі тіркестерді қолданыңыз.
Меніңше, менің ойымша, қалай болғанда да, демек, соған қарамастан, өкінішке орай, менің айтпағым, қорытындылай келе...​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
nastyaiermakova12
15.05.2022 15:22
Қазақ халқы  - талай ғасырлар бойы көп қиындық көрсе де, ежелден келе жатқан салт-дәстүрін ұмытпаған халық. Мысалы, дүниеге сәби келсе, ағайын-туыс бірін-бірі құттықтап, сүйінші сұрайды. Сүйіншіге хабардың маңыздылығына қарай мал, ақша немесе әртүрлі бағалы заттар беріледі. 
Ұзақ сапарға шығатын адам қой сойып, жақын туған-туысын шақырып, үлкендерден бата алады.  Халқымыз мұны «Жолаяқ жасау» дейді. Жолаяқ жасау күні бүгінге дейін жалғасып келеді. 
Тойда, мейрамда аналар мен әжелер шашу шашады. Шашуды кәмпит тәрізді тәттілерден де, күміс теңгелерден де шашуға болады. Жаңа түскен келін табалдырық аттағанда шашу шашу – қалыптасқан дәстүр.
Сонымен қатар тағы бір дәстүр - бесік той. Бесік тойда туған-туыс жиналып, нәрестені бесікке салады. 
Міне, қазақ халқының осындай мән-маңызы жоғары салт-дәстүрлері өте көп. Бұл дәстүрлер қанша заман өтсе де өз маңызын  жоймады. Оның өзі халқымыздың дәстүрге беріктігін көрсетеді. Сондықтан, біз, келешек қазақ жастары, ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан ата-салтымызды ұмытпай, оны келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Себебі, ел дамуының негізі ата-салтымызды құрметтеуден басталады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Маргарита2021
06.09.2022 10:54

"Дәрігердің қарауында" диалог құрастыру.

Дәрігер: Сәлеметсіз бе, қандай шағымыңыз бар?

Емделуші: Қайырлы таң, дәрігер мырза! Кеше түстен бері өзімді жайсыз сезініп, басым ауырып, қан қысымым жоғарылап кетті. Түнде де дұрыс ұйықтай алмай, таң атысымен қабылдауыңызға келіп отырған жайым бар. Кеше ауа райы да бұзылып, жайсызданып кетті ғой. Осы ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?

Дәрігер: Жеңіңізді түріп жіберіңізші. Қан қысымыңызды тексеріп көрейін. Жалпы ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған. (...) Қан қысымыңыз бен жүрек қағысыңыз жоғарылап тұр.

Емделуші: Енді не істесем болады? Емдік шараларын қолдануым керек пе?

Дәрігер: Иә, қазір жас ерекшелігіңізге байланысты қабылдайтын әрі қан қысымын түсіретін дәрі жазып беремін. Ол дәріні әлеуметтік дәріханадан тегін алып, нұсқаулыққа сай пайдаланып, екі күннен кейін тағы да бір тексерілуге келіңіз. Үйде жағдайыңызды бақылап тұрыңыз, себебі қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криз секілді аурулардың дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған.

Емделуші: Жақсы, көп рахмет, дәрігер мырза.

Дәрігер: Сау болыңыз, ауырмаңыз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота