ghujftu
21.06.2020 17:37

Тапсырма 1.      Мәтінді тыңдаңыз (оқыңыз). Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз.
1)    Акцияның мақсаты неде?
2)    Мұндай шараларды өткізудің кітапхана үшін тиімді жақтары бар ма?
3)    Кітап оқуға деген қызығушылықты қалай қалыптастыруға болады? Мәтін ақпаратын негізге алыңыз.
4)    Мәтін ақпараты Сізде қандай ой тудырды?
5)    Кітапхана оқырмандарының санын көбейту үшін тағы не ісеуге болады?
 
С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Кітапты сыйға тарту күні» акциясы өткізілді. Бұл акцияда әрбір оқырман өзінің оқылған кітабын әкеліп, оны басқа кітапқа айырбастап алып кетуіне болады. Осы науқан күні кітапханаға 220 адам келді, қойылған кітаптар саны – 650 дананы құрады, оның ішінде 550 дана кітап жаңа оқырмандарын тапты. Бұл іс-шарада кішкентай балаларды көру біз үшін үлкен қуаныш болды, балаларды оқуға тартатын ата-аналар құрмет пен мадақтамаларға әбден лайықты жандар. Осының арқасында балалар өз кітап талғамдарын қалыптастыра алады. Оқырмандар бір-бірмен кітаптар жайлы талқыласып, бір-біріне сұрақтар қойды. Олар тек кітап әкеліп қана қоймай, өздеріне керекті кітаптарын тапқаны бізді қатты қуантты. Міне, бұл іс-шарамыздың басты мақсаты болып табылады. 
Кітапхананың кіре берісінде әр түрлі жастағы оқырмандарды Қызыл телпек, Мыстан кемпір, Пират пен Сыған, Көктем, және т.б көптеген ертегі кейіпкерлері қарсы алды. 
Кештің ашылуы «Буккроссинг» акциясымен басталды («Сізді шақырған кітаптарды іздеңіз»), ондағы әрбір кітап өз оқырмандарын тапты. 
Кітапхана фойесінде кеш қонақтары «Әдеби коктейль-бар» атты сайыста өз бақтарын сынады, дұрыс жауап берген қатысушыларға "Синьор Помидор", "Фито-сусын", "Лимонадный Джо" және т. б. коктейльдер ұсынылды. «Маша және Аю» атты фотостендте атақты мультфильм кейіпкерлерінің бейнесінде суретке түсті. Сонымен қатар, фойеде Балқаш сервис колледжі өздері жасаған кондитерлік өнімдерін сатуға қойды.
 
2.       «Бүгінгі таңда кітапханалар қоғамға аса қажет емес, себебі барлық ақпаратты интернеттен табуға болады» деген пікірге жұпта келісу немесе келіспеу пікіріңізді білдіріңіз. Ойыңызды айтуда төмендегі тіркестерді қолданыңыз.
Меніңше, менің ойымша, қалай болғанда да, демек, соған қарамастан, өкінішке орай, менің айтпағым, қорытындылай келе...​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Yana111111743
30.10.2020 11:29

Мен Астана (өз қалаңды) тұрамын.

Астана өте көрікті қала. Астанаңың сол жақ бетінеде ЕСІЛ өзені ағып жатыр. ЕСІЛ өзенінде жазда шомылуға болады немесе жазда сеоуендеуге де болады.

Немесе Шымкент.

МЕН Шымкент қаласында тұрамын. Шымкент өте әсем қала. Шымкент қаласында Біркөлік,Қазығұрт тауларына өте жақын орналасқан Жазда Сол тауларға барып дем алып қайтуға да болады. Шымкенттің жазы өте ыстық болады. Сол кезде сол тау жақтағы өзендерге барып шомылса болады. Мысалы:ЖылағанАта деген өзен бар.

МЕНІҢ естуім бойынша Сол суды ішкен адамның тілегі орындалады екен. Ол өзеннің суы тап-таза. Және ол өзінде кішкентай сарқырама ағып тұрады оның суы өте суық.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kosmagalaxy
30.10.2020 11:29

Менің ауылым.

«Ауылым – алтын бесігім» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі әркімге өзінің туып – өскен жері қымбат. Менің кіндік қаным тамып, ер жеткен жерім – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы.

«Жаңаарқа он бес болыс елдің аты,

Қазақтың он ғасырлық өмір салты.

Құда боп, қыз ұзатып, қонақ күткен,

Қаймағы бұзылмаған елдің қалпы» - деп жырға қосқандай, Жаңаарқа өлкесі тұнып тұрған қазақилық пен салт – дәстүрді ұстанатын өлке. Бұл өлкеден елімізге танымал қаншама ақындар мен әншілер шыққан.

Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...

Ауылдағы тіршілік қаладағыдан мүлдем ерекше. Дегенмен, ауылдың ауасы таза, шөбі шүйгін, тамағы табиғи.

Соңғы жылдары ауыл мәселесі республикалық деңгейде қолға алынып, түрлі жобалар іске асырылуда. Осының арқасында ауылымыз одан сайын көркейіп, гүлдене түсетініне сенімдіміз, себебі ауылдың гүлденгені – еліміздің гүлденгені деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота