vidadisaf
22.06.2020 08:38

Мәтін бойынша 2проблемалық сурактар кұрастыр помагитее


Мәтін бойынша 2проблемалық сурактар кұрастыр помагитее

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
alikhan12
16.10.2021 19:44
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931жж.)
Сегіз қырлы бір сырлы дарын.
Жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы бір сырлы дарын, романшы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы (кей деректерде 1890 жылы) қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан текті, дәулетті, атақ-абырой біткен, ел арасындағы білікті кісілер. 

Жас күнінен Жүсіпбек бірге туған бауырлары Ахмет, Жақыпбек секілді арабша хат тану, оқу үстіне, ағаш шеберлігі, темір ұсталығы өнерін қатар үйренеді. Он бес-он алты жасында өзі ұмтылып, үй ішінің рұқсатынсыз Павлодарға қашып барып, орысша-қазақша екі сыныпты мектепке түседі, бір жағынан бала оқытып, қаражат таба жүріп, оқуын 1914 жылы бітіреді де, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы аяқтайды. Қазақстан Кеңестерінің құрылтайына делегат, Оқу коммисариатының коллегия мүшесі болу, «Қазақ тілі» газетін өңдеу, «Ақ жол» газетінде істеу, Шымкенттегі педагогикалық техникумының директорлығы – міне мұның бәрі Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 жылы басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек Аймауытов 1931 жылы атылған.

Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы өзгерістер заманында өмір сүрген Жүсіпбек Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. 
Ол, В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан , А.С.Пушкин, Н.В. Гоголь, Л.Н.Толстой шығармаларын, бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдеби, эстетика, сын саласына араласты: сан қилы проблемалық мақалалар жазды. Сол сияқты «Күнікейдің жазығы», «Ақбілек» романдары, сан алуан пьесалары – күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
sahsaperrucci
03.09.2021 10:09
1. Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай,
Жаман қартайса, бықсып жанған оттай.

2. Өсетін елдің қарты
Қазына болар.
Өспейтін елдің қарты
Қазымыр болар.

3. Қарты бардың жұрты бар,
Кемпірі бардың құрты бар.

4. Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

5. Бүгінгінің қартымыз,
Кешегінің артымыз.

6. Қарты бар елдің
Қазынасы бар,
Қызы бар елдің
Базынасы бар.

7. Шалды шақыр, асыңа келсін,
Шалдығына күл, басыңа келсін.

8. Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін шал ерке.

9. Жасында байқары жоқтың
Жасы жеткенде айтары жоқ.

10. Шалға қарттық,
Жігітке жастық жарасады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота