Жағажай жайлы шағын шығарма.
Биылғы жазғы демалысымды өте қызықты, әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Себебі мен жай ғана демалып қоймай, сонымен қатар Алакөл көлінің емдік суына шомылдым. Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде - кем болар. Оның суының ағзама оң әсер тигізгенін байқадым. Көл суы көптеген ауруларға ем екен. Адам денесіндегі қотырлар мен жаралар бірер түскен соң, сыпырылып түсіп қалатын көрінеді.
Суға түсіп жағажайға шыққанда, көңілім өсіп, қанағат тапты. Толқындарды тамашалап, жағажайда серуендеудің өзі бір керемет әсер сыйлайды екен. Толқын арқылы теңізден шыққан майда тастар мен ұлутастарды жинап, өзімнің коллекциям пайда болды десем де болады.
Жағажайда демалып, серуендеудің өзі психологиялық тұрғыдан денсаулыққа да пайдалы екен. Теңіз немесе көлжағасындағы демалыстың адамға жағымды әсер етуінің бірқатар факторлары бар екен. Олар: толқындардың сиқырлы шуы, теңіз бризі мен су түсінің миға гипнозды әсер етуі.
Әсіресе, осы демалыс кезінде жағажайда аяқ – киімсіз, жалаң аяқ серуендеген аса қатты ұнады. Тіпті, осы серуендеудің өзі адамға пайдалы көрінеді. Естуім бойынша көл суынан нәр алған табандағы биологиялық белсенді нүктелер ішкі ағзалардың жұмысын жақсартады.
Келер жылы отбасымызбен тағы да жағажайда демалсақ деп армандап да қойдым.
короче это эссе , Последнее задание :
Арал теңізі ғасырлар бойы
планетамыздың ең үлкен континенттік
сутоғаны ретінде белгілі еді. Ол
қазіргі Қазақстан мен Өзбекстан
шекарасында жатыр. Бірақ бүгінгі күні
оның тартылып бара жатқандығы бізге
сабақ болуы тиіс.
Ақырзаман деген тура осындай
болар, - дейді Юсуп Камалов,
алдымызда ұзыннан-ұзақ созылып
жатқан, тал-шілік басқан шөл даланы
қолымен нұсқай отырып. - Ерте ме,
кеш пе, ақырзаман бола қалса, тек
қарақалпақстандықтар ғана одан аман
қаламыз, өйткені біз қазірдің өзінде-ақ
ақырзаманды бастан кешіріп отырмыз.
Төбе-төбе болып жатқан ұлу
қабыршақтары мен құмда қайраңдап
қалған, тозығы жеткен қайықтар
болмаса, Өзбекстанның солтүстігіндегі
өзіміз тұрған құмдақ жартастың
үстінен қарағандағы көрініс нағыз
бір шөл далаға тап болғандай Әсер
қалдырады. Бұл ара кезінде Арал
теңізіне сұғына орналасқан түбектің
шеті еді. Ол 1960 жылы ауданы
жағынан Әлемде төртінші орынды
иеленсе, оның аумағы шамамен 67шеті еді. Ол 1960 жылы ауданы
жағынан Әлемде төртінші орынды
иеленсе, оның аумағы шамамен 67
ООО шаршы шақырымды құрайтын. Бұл
дегеніміз, Батыс Вирджиния штатының
аумағынан да үлкен деген сөз. Ал арт
жағымызда Мойнақ қаласы жатыр. Ол
бір кездері балық консервілеу зауыты
бар, қанатын кеңге жая дамыған орын
еді. Тіпті, бертінде, 1980 жылдардың
өзінде ол жыл сайын мыңдаған тонна
балық өндіретін. Елу жыл бұрын Арал
теңізінің оңтүстік жағалауы тура біздің
табанымыздың астында жатты. Ал
қазір ол солтүстік-батысқа қарай 90
шақырымға дейін тартылып кеткен.