arefevaz1995
03.11.2022 11:16

1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді.
Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс
жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы
оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін
фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда
қалғаны оны қатты алаңдататын еді.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943
жылдан бастап, 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған.
Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14
қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
19 жасар Әлияны майдандас жолдастары "Шығыс жұлдызы" деп атаған екен.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы
Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.
Қаһарман қыз Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.
1. Мәтінге тақырып жазыңыз.
2. Мәтін мазмұны бойынша

сұрақтарға жауап беріңіз.

нужна ​


1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.1942 жылы Әлия өз еркімен майдан

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
zhenianet
15.10.2020 11:49

Мәңгілік ел.

Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.

Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.

Осынау ұлан байтақ даламызды сыртқы жаудан қорғап, елінің тұтастығы үшін жанын пида еткен батырлар қаншама десеңізші.

«Мәңгілік ел» идеясы осы батырлар заманынан бастау алып, бүгінгі күні Елбасының бастамасымен енгізілген тұңғыш мемлекеттік ресми идеология. Бұл туралы 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деген болатын.

Менің ойымша, еліміз «Мәңгілік ел» болуы үшін еліміздің әрбір азаматы осы бағытта жұмыс істеп, білімді болып, ортақ Отанымыз Қазақстанды әлемдегі барынша дамыған елдер қатарына қосылуына өз септігін тигізуі керек.

0,0(0 оценок)
Ответ:
AAOO
29.11.2021 05:01
Менің сүйікті еттен жасалған тағамым бешбармқ.Ол өте дәмді. Менің анам ол тағамды жи і дайындайды Бүгінде қазақ пен башқұрттың басты ет тағамы бешбармак аталып жүр. Мұны біреулер орыстарға дұрыс аудармаған татар тілмаштарынан көрсе, біреулер шала қазақ аудармашылардан көреді. Шын мәнінде, оның себебі, осы бір ұлы тағамымыздың қазақы атауы қалыптаспағанында болып отыр. Сосын қолмен асап жеуді ғана негізге алып, тілді білмейтін әлдекім бешбармак дей салса керек.Ал, қазақта бешбармак ұғымы да, бес бармақ тіркесі де жоқ. Бес саусақ пен «бас бармақ ұғымдары ғана бар, бірақ олардың қазақы ет тағамына қатысы мүлдем жоқ.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота