
Эссе
Қазақтың қолөнері
“Ата өнері – балаға мұра” дегендей, қолөнер – қазақ халқына бұрынғы заманнан тараған өндірістің бірі.
Қолөнершілер табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен тұрмысқа қажетті бұйымдар, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Қазына сандығындай Қазақстан жерінен әлі күнге дейін небір аймақтың қолөнершілерінің жасаған бұйымдары табылып жүр. Бұлақтай сылдырлаған сырға, шолпылар, жыландай оратылған білезік, сақиналар, түрлі оюлары бар ағаштан жасалған ыдыс-аяқ, жиһаз және т.б. дейсіз бе, бәрі бар.
“Қол өнері – кілемде, сөз өнері – өлеңде” демекші, шешеннің шеберлігін сөйлеген сөзінен білінсе, қолөнершінікі бұйымынан-ақ байқалады. Қазір де бұл өнерге көңіл бөлініп, дамып келе жатыр. Елімізде отандық өнім, қазақы нақыштағы мүліктер сәнге айналуда. Үй ішіне төл оюларымыз ойылған үстел, орындық, сандықтар алады. Ет беретін астау, табақтар, ожаулар да өткеніміздің көзі секілді. Қазақ қолөнері – қазақ халқының мәдениеті мен тарихы. Халқымызға сіңген өнер келешекте өз мәнін жоғалтпайды деп сенемін.
-Қызғалдақтың неше түрі өскен?
-Алғаш осы қорықта қай гүлдің 6 түрі пайда болған?
-Қай қызғалдақты Ақсу-Жабалығыдан Голландияға апарған?
-Грейг қызғалдағын Ақсу-Жабалығыдан қай елге апарған?
-Голландияға грейг қызғалдағы қай қорықтан келген?
-Грейг қызғалдағы қай жылы голландияда жоғары бағаланды?
-1877 жылы Голландияда қай гүлді жоғары бағалады?
-1877 жылы Грейг қызғадағын қай елде жоғары бағаланды?
-1877 жылдан бері әлемге қызғалдақтың қаншадан астам үрі тарады?
-1877 жылдан бері әлемге қай гүлдің 200-ден астам түрі тарады?
Объяснение: