maksim393
25.02.2021 20:05

Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал: – Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…
…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:
– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:
– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, негізгі мәселені анықтап жаз. Автордың көзқарасын ажыратып, өз пікіріңді жаз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
какасика
28.12.2020 22:16

Ежелден-ақ Отан қорғаушылар намыс пен айбардың, ерлік пен батылдықтың, патриотизм мен өз халқына қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болған. Қазақстандықтар өз өмірін бостандық пен тәуелсіздік үшін қиған қаһармандардың барлығының ерлігін жадында сақтап келеді. Аталар мен әкелердің жауынгерлік наградалары – қазақстандық отбасылар үшін баға жетпес жәдігер. Біздің күнтізбемізде Отан қорғаушы күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесінің қатар келуінің символдық мәні бар. Бұл біздің халқымыздың барлық буынының даңқты жауынгерлік дәстүрі сабақтастығын көрсетеді

0,0(0 оценок)
Ответ:
okfuh
30.08.2020 09:30

- Жұлдызды аспанға қарау керемет!

- Иә, қараңғы!

- Хм ... Ғарышта одан да қараңғы.

- Мен ғарышта оттегі жоқ деп естідім, сол рас па?

- Өкінішке орай, иә, егер ол болған болса, онда басқа ғаламшарларды ежелден мекен еткен.

- Митя, сен білесің бе, мен сондықтан мен ғарышқа ұшқым келеді, не болмаса 3D-ге барғым келеді, ғарышқа ұшу үшін.

- Мен ол жерде болдым.

- Ғарышта?!

-Ия, жоқ, мен 3D форматында болдым, ол әу бастан-ақ жалықтырды, ал қызық болғанда, менің лимитім таусылды.

- Керемет, әрине, ғарышкерлер лифтпен зымыранға бара жатып, барлық зәулім ғимараттарды көреді.

- Ал мен зымыранмен ұшып бара жатқанда, көргендерімді күнделікке жазатын едім.

- Мен өскенде ғарышкер болсам қарсы емессіз бе?

- Мен жақтаймын және қарсымын, үйге қайтқан дұрыс, әйтпесе анам мазалайды.

- Кәне.

Объяснение:Вот

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота