
Объяснение:
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты.
Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/94/
© e-history.kz
Достық – әрбір адам өміріндегі маңызды қарым-қатынас. “Жаңа екі достан, ескі бір дос артық” деген жақсы сөз бар. Достық барлық адамға қажет. Тіпті, жалғыздықты ұнататын жандарға да. Кішкене бүлдіршіннен бастап, еңкейген қарияға да, бай-бағландар мен тақыр кедейлерге де дос керек. Бұл тізімді ұзақ-сонар жалғастыра беруге болады.
Достық ортақ қызығушылық, түсінісу, сенім сынды қасиеттер негізінде құралады. Әңгімесі таусылған адамдар дұрыс қарым-қатынас құра алмайтындары анық. Уақыт өте келе адамдар жан-дүниесіндегінің барлығын шығарып, сырлас іздейді. Мұндай сәттерде достардың болмағаны өте жаман. Оның үстіне тек жақын достарыңа ғана айта алатын сырларың болады. Ең бастысы, осы сырды досың өзгелерге айтпайды. Жадында құнды қазынадай сақтап қояды.
Нағыз дос өзін бірінші орынға қойып, айналасындағыларды өзінің әңгімесін тыңдауға мәжбүрлейді деп ойласаңыз қатты қателесесіз. Ол өзінің жан сырын ақтарып қана қоймай, сізді де ден қойып тыңдайды. Уақытты көңілді өткізіп, қатар отырып түрлі фильмдер қарай аласыздар. Досты тек қайғыда емес, қуанышта да танисыз. Өкінішке орай, көп адам достық атты ұлы сезімді бағалай бермейді. Бірақ… Олар күндердің бір күнінде жанына жақын адам іздеп шарқ ұрады.
Объяснение: