канапушка167
19.07.2021 22:37

1-тапсырма. Мәтіндерді түсініп оқып, 2 мәтіннің стилін, тақырыбын, мазмұнын салыстырып жаз. 1-мәтін

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Абайдың білім алуына жол ашқан – әкесі Құнанбай болса, тәрбие берген әжесі Зере болды. Шешесі Ұлжан да ұлының тәрбиесі мен білімді болуына көп ықпал жасаған.

Жас Абай бос уақытында өздігінен ізденіп, қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Ол Низами, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, т.б. шығыс ақындарының өлеңдерін жаттап өседі. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстардың ұлы ойшылдары А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, М.Ю.Лермонтов, М.Е.Салтыков-Щедрин, Н.А.Некрасов, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларымен танысады, олардан аударма да жасайды. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Ч.Дарвиннің еңбектерімен танысып, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымын кеңейтіп, білімін дамыта береді.

2-мәтін

Хабарлама

Құрметті «Абай» кітапханасының оқырмандары! Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай – дана, Абай – дара» атты жыр сайысы 12.09.2021 жылы сағат 15:00-де болады. Сіздерді көрермен болуға шақырамыз. Кіру тегін.

Өтетін орны: «Абай» кітапханасы, 1-қабат, мәжіліс залы

Мәтіндерді мына ретпен салыстырып жаз:

1-мәтіннің стилі:

2-мәтіннің стилі:

1-мәтіннің тақырыбы:

2-мәтіннің тақырыбы:

1-мәтіннің қысқаша мазмұны (1-2 сөйлем):

2-мәтіннің қысқаша мазмұны (1-2 сөйлем):

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
almazina1
03.06.2023 16:48

Жер шарындағы әрбір адам бейбіт өмірді қалайды. Менің ойымша, дүниедегі ең үлкен бақыт – соғыстың болмауы. Қарулы қақтығыстар жиі болатын мемлекеттерде, адамдар үнемі қорқыныш пен үрейде өмір сүреді. Тіпті, қарсыласын жеңіп, аумағын ұлғайтқанның өзінде, ешқандай халық өзін қуанышты сезінбейді. Өйткені, соғыс бар жерде, өлім де бар. Ұлдарынан, күйеулерінен және әкелерінен айырылған отбасылар, олардың батыр екенін білгенімен, қаза болған жақындарын қайтара алмайды. Соғыс адамзаттың дамуына кедергі келтіреді. Ол көптеген табиғи ресурстарды, ақшаны, уақытты және адам өмірін қажет етеді. Әскери жанжалдардың кесірінен, біз маңызды технологиялық жетістіктерге кеш жеттік. Әрине, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізге үлкен алғысымды айтамын және жеңіске жету қаншалықты қиын болғанын түсінемін. Бірақ, мұндай соғыстың болашақта қайталанбауын қалаймын. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы, басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста. Біз ертең не жейтіңіміз, қайда ұйықтайтыңымыз туралы ойланбай, толыққанды өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, осы бейбіт өмірді сақтап қалуға тырысыумыз керек.

0,0(0 оценок)
Ответ:
blakblood2влад
03.11.2021 20:07

Негізінен адамдарға өзінің әдепсіздігін көрсету сәнге айналып бара жатыр. Себебі адамдар әдепсіз болса өздерін мыхты санауы мүмкін. Әдепті адам өзінің жүрген жолының каншалыкты түзу екенін өзінен откен әдепсіз адамды көргенде сезінеді. Сол кезде ішінен менің әдепті болуға тырысып жүрненім дұрыс екен деп ойлайды. Әдепсіз адам өзін өзі сырттан бақылап кормесе, өзінің кандай екенін байкамайды. Ол ашу үстінде өзінікі гана дурыс деп есептейді. Сол себептен әдепті деген не екенін оның шегінен калай асуга болатынын әдепсіз адам келгенде білеміз

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота