lizkoy
04.11.2022 07:38

«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқушының аты – жөні: Сыныбы

Оқылым тапсырмасы
Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орында.

Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстанда орыс, дүнген, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, түрік, қытай, өзбек, украин және тағы да басқа ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алады. Олардың қазақ жеріне қоныстанып, өмір сүруіне жағдай жасады.
Қазақстан –түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен бауырына басты. Олардың салт-дәстүрі,тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір сүріп келеді.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені болуы керектігін міндет етіп қойды.

1 тапсырма
Мәтінде айтылған ақпараттар бойынша жоспар тізбегінің ретін жаз.

Реті
Жоспар


Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің өмірі
( )

Елбасының қойған міндеті
( )

Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері
( )

2 тапсырма
Мәтін бойынша ақпараттардың «дұрыс» я «бұрыс» екенін көрсет.

Ақпарат


Қазақстанда көп ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатыр

Дұрыс
( )
Олардың салт-дәстүрі,тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасамады.
Бұрыс
( )

3 тапсырма
Берілген сөйлемге дұрыс қойылған сұрақты тап.

1. Қазақстан –түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен.
А) Қазақстан не мекен?
Ә) Қазақстан не істеді?
Б) Қазақстан қандай мекен?
( )

2. Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады.
А) Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Ә) Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
Б) Қазақстанда қай ұлт өкілдері тұрады?
)

4 тапсырма
Дұрыс жауап нұсқасын таңда.

1.Қазақ халқы кімдерді құшақ жая қарсы алды?
А) ұлт өкілдерін
Ә) қазақ халқын
Б) ата-бабасын
( )
2. Н.Ә. Назарбаев нені міндет етіп қойды?
А) ынтымақтастық
Ә) бейбітшілік
Б) бауырластық
( )
3. Қазақстан бүгінде қандай ордаға айналды?
А) ерекше ықылас
Ә) бейбітшілік
Б) ынтымақ пен ырыстың
( )

Жазылым.
1тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды жаз.
Бүгін көктемнің алғашқы күні еліміз Алғыс айту күні болып белгіленген.
( )

Бұл – Қазақстан халқын біріктірубағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астына топтастыратын мереке.

( )

2 тапсырма. Мұхтар Мұқанұлы Мағауин кім?




( )​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
fgioryughorhghu
11.06.2022 00:06

Диалог "Кім болғым келеді?":

– Эх,осылайша тоғызыншы сыныпты да аяқтадық.Әсел,мектеп бітіруімізге екі-ақ жыл қалды емес пе?

– Ия,Дана,уақыт зымырап өтеді екен.Енді болашағымыз туралы ойлана бастауымыз керек..

– Болашақ демекші, келешекте сенің кім болғың келеді?

– Кішкентай кезімде мұғалім болам деуші едім.Өсе келе неше түрлі мамандық иелерін көрдім,ішінен біреуін таңдау да қиын ғой.

– Не де болса, мамандық таңдаудан қателеспеуіміз керек.Себебі,ол біздің ертеңгі нанымыз болады.

– Дұрыс айтасың.Ал сен кім болғың келеді?

– Мен дәрігер боламын деп шештім.Сабағымды жақсы оқып,теория жүзінде де практика жүзінде де мықты болғым келеді.Адамдарға тек қуаныш сыйласам деймін.

– Мәссаған,арманың орындалсын!Мен саған сенемін.

– Рахмет!Олай болса сен де көп бөгелмей,болашақта кім болатыныңды шешкенің жөн.Сау бол!

– Әрине,сау бол!

0,0(0 оценок)
Ответ:
duy53519
11.06.2022 00:06

Дәрігер болғым келеді

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота