
бүйректе түзілген зәрді уақытша жинап сыртқа шығаратын мүшелер жүйесі. Несеп жолдарына бүйректегі бүйрек тостағаншалары, бүйрек сабақшалары, бүйрек түбегі, несепағар, қуық, несепшығар өзегі, несе өзегі (еркек дарақтарда), несе кіреберісі (ұрғашы дарақтарда) жатады. Несеп жолдары құрылысы жағынан түтікше мүшелер. Олардың қабырғасы: ішкі — кілегейлі, ортаңғы — етті, сыртқы — сірлі немесе адвентиция қабықтарынан құралған. Кілегейлі қабықты ішкі жағынан көпқабатты ауыспалы эпителий астарлайды. Тек, несе өзегі мен несе кіреберісінің сыртқы ортаға шығар жеріндегі бөлігін көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Эпителий қабатының астында өзіндік тақташа және кілегейлі асты негіз қабаттары (борпылдақ дәнекер ұлпасы) орналасады. Етті қабықты бірыңғай салалы ет ұлпасының ішкі және сыртқы ұзынша қабаттары және олардың аралығындағы ортаңғы сақинаша қабат құрайды. Несепағар сыртынан сірлі қабықпен қапталған. Қуықтың сыртқы қабығының 2/3 бөлігі сірлі қабықтан, ал қалған бөлігі адвентициядан тұрады. Қалған несеп жолдары мүшелерінің сыртқы қабығын адвентиция құрайды. Несеп жолдары зәрді жануарлар организмінен сыртқы ортаға шығарумен қатар, оның құрамындағы улы ыдырау өнімдерінің кері қанға сорылмауын қамтамасыз етіп, жануарлар организмін уланудан сақтайды.[1]
Бүгінде елдің бас қаласының көз тоймас жауһарына айналған "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылды.
Әлемдегі сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлерін ескере отырып салынған театр архитектурасынан ұлттық нақышты анық байқауға болады. Сондай-ақ, театр әлемдік стандарттарға сай толықтай техникамен жабдықталған.
Өнер ордасы өзінің алғашқы шымылдығын 2013 жылдың 21 маусымында қазақ музыкасының қазынасы саналған Мұқан Төлебаевтың "Біржан — Сара" операсымен ашты. Мұнымен қатар, осы жылы театр халықаралық қауымдастыққа Джузеппе Вердидің "Аттила" туындысын ұсынып, әлемдік деңгейде тұсаукесерін жасады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 28 қыркүйектегі қаулысымен "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театрының директоры болып Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров тағайындалды. Ғалым Ахмедьяров Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған. Әртүрлі жылдары консерватория оқытушысы, ҚР республикалық гвардиясы президенттік оркестрінің халық аспаптары ансамблінің басшысы, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазақ әуендері" АҚ президенті болып еңбек етті.