макс3109
26.06.2020 13:41

Ойталқыдағы пікірлеріңнен 7-8 сөйлем жазыңдар. сөйлем соңына қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін қолданыңдар. қойылу себебін түсіндіріңдер.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
polina19812004
28.03.2022 16:35
Кірпілер, басқа да көптеген жануарлар сияқты, қыста ұйқыға кетеді. Үйшіктерін аюлар сияқты әрине жасамайды, дегенмен, орманда ескі жапырақтардың астынан оңай көруге болады, үлкен алаңдар да, тіпті саяжайларда. Қыстағанда кірпілер жанұяларымен қыстайды, бірақ кейде жалғыз жатқандары да кездеседі, бұлар жас " бойдақтары". Егер кірпілер үйшігін көрсеңдер ешқашан бұзбаңдар, сендердің саяжайларыңның айналасында ешқашан тышқанмен жыландар болмайды. Және де зиянкес жәндіктер де, бұзаубас, қоңыз тағы басқа бақша зиянкестері.

Аю қысқа дайындалады, май жеп. Ол тапқанының барлығын жейді, ерекше балықты, жаңғақты, бірақ  ол бұны ұйқыға кетерден бірнеше апта бұрын жасайды. Дәл ұйықтар алдында аю аз жейді: тамырлар мен сабақтарды ғана, асқазаны бос болып, қатты бекітілсін деп, аңдар асқа тәбеті азайып, тыныш демалу үшін. Ұйықтауға жатып, аю бақылаудағы тәртіпте қалады, ол терең ұйқыға кетпейді, тек қалғиды, қауіпті жағдайда жауын қарсы алу үшін. Кейде ол тұрағынан шығуы мүмкін, жағдайды тексеруге. Егер үйшігі қыстауға жарамаса- су тиіп, онда жануар қыс ортасында жаңа үй іздейді, ондай кезде ол өте қауіпті, бұндай уақытта оны тентек аю дейді.  Қыста жануардың қызуы төмендейді, оның күзде жинаған майы тоңбауына көмектеседі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
ochvv15owqbd0
27.06.2021 04:12

Өзінің туған елін, жерін сүю – табиғи құбылыс. Әрбірадамның бойында осындай қасиет болғанда, елде мықты болады. Әсіресе, өркениетті елдердің барлығында ол елдердің азаматтары өз мемлекеттерін мақтан етеді. Осындай мақтаныш сезімнің аясында үлкен сенім жатыр. Қазақ елінің тәуелсіздігі нығайған сайын азаматтардың мемлекетке деген сенімі арта түсуде. Патриоттық сенім бар жерде мемфлекеттің тұтастығы артады. Қазіргі кезде әртүрлі діндердің, ұлттардың өкілдері мекен ететін Қазақстан - баршамыздың ортақ үйіміз. Осы ортақ үйіміздің шаңырағы биік , болашағы жарқын болуына бәріміз мүдделіміз. Егер еліміз осындай берік болса, онда біздің де жағдайымыз жақсы болмақ. Осыны түсінген адам, соған қызмет еткен азамат – өз елінің шынайы патриоты. Отаншылдық сезім – тек елімді сүйемін деуден ғана тұрмайды. Патриоттық сезім – ең алдымен еліңнің тарихын, дәстүрін, тілін жақсы білуден басталады. Еліңнің өткенін жақсы білсең, - бүгіннің қадірін ұғынасың. Сондықтан, әсіресе, жас ұрпақ елінің өткенін білгені жөн. Біздің патриоттық сезіміміз еліміздің жетістіктеріне сүйсінуден айрықша байқалады. Мәселен, Қазақстанның әлемдегі беделінің артуы, қазіргі кезде Астананың өркениетті дамуы, экономикадағы жетістіктер. Сондай-ақ, бүгінгі таңда елімізді әлемге танытудың үлкен бір жолы – өнер мен спорт саласында. Мысалы биыл Лонданда өткен олимпиада ойындары Қазақстаннын даңқын бүкіл әлемге паш етті. Осы олимпиада чемпиондарын біз үлгі тұтуымыз керек.

Әрбір адам ең алдымен өз елін мақтан ете білуге міндетті. Қазақ елінің тарихы терең болмаса осынша алып жерді иемденбес еді. Қазақстанның басты халқын құрайтын қазақ халқының ерлігі мен елдігі болмаса дербес мемлекеттікке де жетпес едік. Ал бүгінгі таңда ұлтына қарамастан әрбір азамат қазақ елін шын мақтаныш етіп, соған қызмет етсе, онда біздің Отанымыз алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылады. Сондықтан еліміздің нағыз патриоты бола білейік.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота