Сона-а-ау, еліміз егемендік алған, яғни тарихқа кеткен жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында, қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алған тұста кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда қазақ тілі үйірмелері ашылып, тіпті кеңес дәуірінің ықпалымен орыстілді болып кеткен отбасылар да ана тілін үйренуге бет бұрып, әбден тілге сусындап қалған халық жаппай белсенділік танытып, жүйелі жұмыс жанданып сала беріп еді. Керек десеңіз, қаладағы жолаушы тасымалдайтын көлік автобус пен троллейбустарда да аялдама аттары қазақ тілінде хабарланып бір ерекше құлшыныс пайда болды. Бірақ кенеттен осы жұмыстардың бәрі пышақ кескендей сап тиылып, мемлекеттік маңызы бар шара тек уақытша науқаншылыққа айналғанын сонда ғана ұқтық.
1.Сойлем мушелерi курамына карай 2-ге: жай жане курмалас болып болiнедi.2.Тұрлаулы мүшелер - сөйлемге негіз болатын мүшелер.
Тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндауыш жатады.
Логикалық тұжырым бойынша, сөйлем – пікірге, бастауыш – субъектіге, баяндауыш – предикатқа негізделеді. Тұрлаулы мүшелер тек зат есім мен етістіктен ғана жасалмайды, олардың құрамында басқа сөз таптары да кездеседі. Бастауыш негізінен зат есімнен және зат есім мәніндегі сөз таптарынан жасалса, баяндауыш көбіне, етістіктен жасалуға бейім десек те, өзге есім сөз таптарынан да жасалады.3.Тұрлаусыз мүшелер - сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасына топтасып, семантикалық жағынан кеңейтіп, толықтыратын мүшелер.
Тұрлаусыз мүшелерді тіл білімінде үш топқа бөліп қарау қалыптасқан:
анықтауыш;
толықтауыш;
пысықтауыш.
Осылайша жіктеуде олардың тұрлаулы мүшелерге мағыналық қатынасы негізге алынады. Дегенмен, олардың қай сөз табынан болған мүшемен қатысы да ескеріледі. Мысалы, Ол шебер сөйледі. Ермек шебер ойыншы. Мұндағы шебер сөзі бірінші сөйлемде пысықтауыш, екінші сөйлемде анықтауыш қызметінде жұмсалып тұр. Толықтауыш пен пысықтауыш көбіне баяндауышпен, ал анықтауыш көбіне бастауышпен және субстантивтенген басқа мүшелермен байланысты болады десек те, тұрлаусыз мүшелер туралы мәселелер сөздердің тіркесуімен байланыста қаралғанда ғана шешімін табады.
Объяснение: