1мәтін Бұл экспериментке 150 адам қатысқан. Олар 1000 сөзден тұратын мәтінді оқуы керек болған. Қатысушылардың жартысына кейіпкердің дәмханаға кіріп адамдармен әңгімелесетінін, оның хаты жергілікті газетке қалай жарық көргені туралы әңгіме берілді. Ал екінші жартысы оқиға орны өзгерген ғылыми-фантастикалық нұсқадағы әңгімені оқуы керек: ғарыш кемесінде жүрген кейіпкер, бөтен адамдар, андроидтар жат ғаламшарлықтар. Бірінші мәтінде «есік» деген сөз кездессе, ғылыми-фантастикалық шығармада ол сөз «шлюз камерасына» ауыстырылады. Сөздері өзгерсе де екі әңгіменің де оқиғасы бірдей болған. Экспериментке қатысушылар әңгімені оқып шыққан соң шығармадағы бас кейіпкердің баяндауы мен оның жай-күйін қалай қабылдағаны туралы баяндауы керек. Зерттеушілер сюжет желісінің ғылыми фантастикаға ауысуы қатысушылардың көркем тілді түсінуін бірден төмендеткенін айтады. Олардың айтуынша, ғылыми фантастика оқырмандары кейіпкердің күйін сезінбейді. Екінші мәтінді талдағандардың көпшілігі ғылыми фантастикадағы оқиғалар назар аударуға тұрмайды және терең ойланып оқуды қажет етпейді деп санаған.
2мәтін. Курчатов қаласындағы ядролық зерттеу орталығы. Аса қауіпті радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған зертхана. Жердің астында бункерде орналасқан. Бункер екі аймаққа қалыңдығы 20 сантиметр қорғасын тотығы қосылған радиоактивті сәуле өткізбейтін шынымен бөлінген. Орындық үстінде отырған ғалымдар шынтақтарын төбеден түскен білектей жуан буындары бар ілмектерге креслоның қанаттарына тіреп отырғандай. Ілмектер қолдың буындарының қимылына сәйкес дәлме-дәл қозғалады. Әр ілмек басында қайшының
тұтқалары тәріздес көздері бар. Оператордың үлкен және сұқ саусағы осы көздерге киілетін. Шынының арғы жағындағы ілмек жасанды қолға айналатын. Тек басында саусақтар орынына тістеуік басына ұқсас қапсыра ұстауға арналған тістері бар манипулятор. Қозғалыс көшірмесін жасайтын манипуляторларды басқарған үшін оператор роліндегі ғалымдар «бір- бірін қуыршақ жүргізуші» деп қалжыңдасатын. Қуыршақ театрында жансыз қуыршаққа артист жан бітіреді. Көрермен жан дүниесіне жол салады. Ғалымдар басқаруындағы металл қолдар жанды дүниеге тиым салынған ортаға жол ашты. Зертханада жоспар бойынша екі ғалым тәжірибелерін жүргізуде. Бірі жиырма жастағы жігіт. Тік маңдайынан түскен кекілі бар. Бет жүзінің қырлары тік. Ұзын сорайған мойыннан ақ халат киім ілгішке іліп қойғандай кең иықтарынан салбырайды. Екіншісі орта жастан асқан бет жүзі дөңгелек келген ересек адам. Қою қасты, қырғи тұмсығына көзілдірігін іліп алыпты. Қасында манипуляторды басқарып отырған жас ғылымның қимылын бақылап отыр. Іштей қобалжығанынан ба? Оң жақ құлағының ұшын ұстай береді.
Су адамға әрдайым керек. Сусыз өмір сүру өте қиын. Себебі а сусыз өмір жоқ. Біз суды күнделікті пайданаламыз. Бірақ біз кейде суды күн сайын пайдаланғанымыз соншалықты судың қадірін білмейміз. Әсіресе жаздың ыстық күнінде адамға бірінші су керек. Судың да сұрауы бар деген қазақта мақал бар. Су ағып тұр ғой, таусылмайды ғой деп суды құр босқа шашып немесе төге беруге болмайды. Кейбір адамдар сол суға зар болып қалады. Быз өмірде бүкіл тұрмыс-тіршілігімізде суды пайдаланамыз. Тамақ істегенде де, кір жуғанда да және т.б. істерде қолданамыз. Судың қадірін аш қалғанда және Ораза ұстағанда білесің. Себебі таң атқаннан күн бақанға дейін суды ішпей жүру қиын. Кейде үйде су өшіп қалса, бүкіл тірлігің жайында қалады. Судың өшпеуін қадағалау үшін, суға ақшаны алдын ала төлеп қою керек. Кәзіргі кезде біз суды кранттан алып су ішеміз. Ал баяғы заманда суды құдықтан алып үйге тасып ішетіңн болған. Құдық болмай тұрып, өзеннің, көлдің, теңіздің суын ішетін болған. Ашаршылық кезде су болмағанда адамдар лай суды жанталасып ішкен. Ал біз кәзір қарапайым суды менсінбейміз. Ондай болмау керек. Біз жаңа технологияның дамуына байланысты таза су ішеміз. Себебы ол жердегі мамандар суды әптен тазалайды. Мамандар суды 1 литрліктен 5 литрлік баклашка суды құйып сатып жатыр. Мысалға "Тау", "Тассай", және т.б. Менің ойымша әрбір адам судың қадіріне жете білу керек.
Менің атым Владислав.Ұлтым-орыс.Мен мың тоғы жүз тоқсан сегізінші жылы он төртінші тамызда дүниеге келдім.Қазақстанның Семей өңірінде тұрамын.29-шы мектепте 11-ші сынып оқушысымын.Менің отбасым төрт адамнан құралады:анам,әкем,мен және інім.Кішкентай ініме төғыз жаста.Үшінші сыныпта оқиды.Анам отыз алты жаста,қоймада атқарушы қызметінде жұмыс істейді.Әкем болса қырықта,завод директоры болып жұмыс атқарады.Мен көбінесе техникаға,компьютермен және оған байланысты заттарға қызығамын.Мектепті бітірген соң IT технология мамандығына түскім келеді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку