«Сүйіспеншілік пен достық» тақырыбына дербес пікір жазу.
1. Cүйіспеншілік пен достық бар адамға тән деп есептеймін.
2. Себебі, сүйіспеншілік – тіршіліктің негізгі тірегі, сүйіспеншілік дегеніміз – жақындарымызға, қоршаған ортамызға, бір сөзбен айтқанда, барша әлемге махаббатпен қарау. Ал «Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағаммен тең» дегендей, достықсыз өмірімізді елестету қиын.
3. Бар жан дүниесі, жүрегі сүйіспеншілікке толы жан ешқашан жамандық ойламайды, себебі ол бақытты жан, оның рухы кемелдік көгінде қырандай қалықтап, мәңгіліктің жасыл жайлауына қанат қағады. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі.
4. Әрине, сүйіспеншіліксіз өмір сүруге әбден болады дейтін адамдар да кездеседі.
5. Дегенмен, сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көріп, мейірімін төккен ата - анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне бастайды.
6. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Ендеше, сүйіспеншілікті пен адал достықты өмірлік ұстанымызға айналдырып, барлығымыз бақытты, ал достығымыз мәңгілік болсын!
Абай Құнанбайұлы туралы диалог құрастыру.
Мұғалім: Балалар, бүгін Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен танысуды одан әрі жалғастыратын боламыз. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын ұлы ақын жайлы бірнеше сұрақтарға жауап беріп көрейік? Абай Құнанбайұлы кім болған?
Оқушылар: Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Мұғалім: Абай Құнанбайұлы қашан, қай жерде дүниеге келген?
Оқушылар: Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында дүниеге келген.
Мұғалім: Жарайсыңдар! Келесі сұрақ - Абай қайда, қандай білім алған? Оқушылар: Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
Мұғалім: Неше жасында ел басқару ісіне араласады?
Оқушылар: Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар! Абайдың әкесі Құнанбай қандай қызмет атқарған?
Оқушылар: Абайдың әкесі Қарқаралының аға сұлтаны болған.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Ендеше сабағымызды одан әрі жалғастырайық.