Zazoo12365
05.02.2020 20:07

4-тапсырма, 133 бет. Мәтінді оқы.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
daa86
16.02.2020 15:33

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады .

Өмірбаяны

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан.

Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.

1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сағындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады. Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
lilulurens
21.05.2023 18:00
А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ал, білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап-а ң сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. « Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік- деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап  таңдап талғап оқи  білу, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу-әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы  шарттардың бірі. « Кітап маған тақтан да қымбат»,- деп атап көрсеткен Шекспир.

    « Кітап-ең құдіретті әлем», « Кітап-күн шуағы білімнің»,  « Әліппенің ар жағы-білім бағы» дейді ғой халықта. Сол білім бағына жетелейтін дүние-кітап.»  Иә, мен бұл сөздердің қаншалықты құнды, теңіз суындай терең мәнді етіп айтылғанын жүрегіммен сезінемін. Қазір ойлап отырсаңыз, адамзат ғана емес, күллі тіршілік атаулы жаралғалы бері құбылыстың бәрі кітаптың ішінде сайрап жатыр емес пе? Әр кітап өзінше бір керемет дүние.

     Менің жаным да сол дүниелерді танып, білуге ертеден құштар. Осы уаққа шейін мен бірнеше кітап бастарын қайырдым. Сол кітаптардың арасынан " сүйікті кітабым"  атауына ие болған -Мархабат Байғұт ағамыздың " Ауыл әңгімелері" атты шығармасы. Бұл кітаптың жүрегіме жақын тиуінің бірнеше себептері де жоқ емес.

   Бірінші себебі: Мархабат ағамыздың тікелей өзіне байланысты. Мархабат аға-Оңтүстіктің тумасы. Ол кісі шығармаларын оқыған сәтімде, туған мекенімнің төрінде еркін самғанымды сезінемін, өзіміздің Оңтүстік жұртына тән менталитентті, сыпайылық пенен жылы сөзділік айқын байқалады. Екіншіден: ауыл-қашанда аяулы мекен... Бәрімізде ауылдан өсіп-өндік емес пе? Үшіншіден: шығарма мазмұны, шығарма барысындағы оқиғалар қызықтылығы және де сөйлем арасындағы керемет байланыстар. Бұл кітап мен үшін " Қазына толы қамбадан" қымбат, өйткені қазынаның қамба қоры, кітап қоры деп санаймын, осы кітапты оқыған сайын, таусылмайтын баға жетпес асыл дүниеге қарқ боласың .  Енді, кітап жайлы біренеше мәліметке қанық болғайсыздар.

    Жазушы Мархабат Байғұттың бұл кітабына ауыл  туралы әңгімелер енген. Ауылға іңкәр қаламгердің аталмыш тақырыпқа жиірек жазатыны, уызды да уытты тілі, әдемі әзілі мен астарлы әжуасы оқырман қауымға белгілі. Ауыл адамдарының сезімталдығы  мен сағынышын, мұңы мен махаббатын, талайы мен тағдырын табиғи бейнелейтін прозашы жаңа әңгімелерінде қазіргі заман талабына, бүгінгі уақыттың әуеніне сәйкес психологиялық  тың ізденістер таныта түскен. Кітап мазмұнының құрамында : "Жалбыздың жағасында", " Көрпесайдың кітапханасы", " Айып", "Варвараның көмбесі", " Алпыс үшінші жылғы махаббат" т.б. өте шығармалар молынан жинақталған.

 Мен осы кітапты ең алғаш  қолға алған кезімде, ол өзіне мені қатты баурап алар деп ойламаппын. Жазушы ағамның жазушылық шеберлігіне тәнті болдым және қатты таңырқадым. Сонымен қатар, кітапты оқып бастағаннан-ақ бойымды мақтаныш сезімі керней жөнелді. Неге мақтанбасқа? Оңтүстік жұртында алты алашқа ауыз толтырып жыр қып айтар жаңа шығарма дүние есігін ашқанда?! Неге мақтанбасқа? Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын жалғар қазақта ұл болғанда?!

  "Кітапқа деген сүйіспеншілік тудыру әрбір кітапханашының борышы мен міндеті. Жастарымыз  дәстүрлерімізді көзіміздің қарашығындай  бағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретін болуы тиіс", деп Назарбаев жастардың бойында ғы мәдени танымдылықты қалыптастыруда рухани құндылықтардың  қайнар көзі кітап-оқу арқылы берілетінін  айта отырып, білім мен ғылымның көкжиегінде биік асулардан көргісі келетіндігін атап өтті.

  ххі ғасыр- мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі-кітап десек қателеспейміз.

     Бүгінгі тақырыпқа арналған өз ойымды қорытындылай келе, өскелең ұрпаққа кітаптан асқан байлық, кітаптап асқан асыл қазына жоқ демекпін. Сондықтан да, дәл қазіргі ауыттан бастап кітап оқуға өздеріңізді бейімдеңіздер. Өздеріңіздің ішінен мол мұраға қанық болар, өмір жолында мәңгі азық болар "сүйікті" кітаптарыңыз болсын демекпін.

                            Кітапта алма ағашы,

                            Жемісін бізге беретін.

                            Тәтті алмаға балашы,

                            Кітабыңның әр бетін.   - деп,

  осы өлең шумақтарымен әңгімемді аяқтағым келеді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота