Galya03
24.01.2021 08:25

Қолөнер – қазақ халқының асыл мұрасы ң
Мәтінді мұқият оқы. Тезистік сөйлемге қарап эссе абзацтарын ретімен орналастыр.
Қолөнер – қазақ халқының асыл мұрасы
Қазақ халқының қолөнері, атап айтқанда, оюлары әлемдік өнертанушылар тарапынан жоғары бағаланған өнер
туындысы. Алайда қолөнер бұйымдарын бір арнада тоғыстыратын қазақтың ою-өрнектері ең маңызды
атрибут. Қазақ зергерлері тұрмыстық заттарды ағашқа ою ойып жасаған. Күміс пен алтынды, қорғасын
мен мысты, жезді қолданып та зерлі ыдыстарды, әшекей бұйымдарды жасаған. Малдың терісі мен жүнін
пайдаға жаратып ою-өрнектермен көмкерілген киімдерді қолдан тіккен.
Ағаштан түйін түйген ұсталар өз шеберханаларында ертоқымды, ағаш ыдыстарды, ат-әбзелдерін, киіз
І
үй жабдықтарын түрлі өрнектермен безендіріп жасаған. Ағаштан жасалған бөшкелер, ат арбалар берік
болуы үшін тобылғы сынды мақты ағаштар таңдалған. Ағашқа өрнекті ойып салған. Ағашты бояп
немесе күйдіріп, ою түстерін құбылтып отырған.
А
Қазақтың қолөнер шеберлігі алаша, кілем, киіз жасауда, киім түрлеріне ойып салынған өрнектерден
1 айрықша аңғарылады. Бұл қолөнер туындыларын үй шаруасында жүрген қыз-келіншектер мен әжелер
айналысқан.
І
Түсті металдарды балқытып, зерлі әшекейлерді, ыдыстарды, тұрмысқа пайдалы жабдықтарды жасаған
адамды Зергер деп атайды. Аталған шеберлердің қолөнер туындысына қарап оның көңіл күйін,
болмысын, мінезін, тұратын мекен-жайын, тіпті шаруашылығымен танысуға болады. Зергерлер өз
айналасындағы сұлулықтың барлығын қолөнер бұйымдарында көрсете білген. Мәселен, жүзік, сақина,
білезік, шашбау, сырға, таға, белдік, кісен, зерлі табақ т.б. жасауда қошқардың мүйізін, аша тұяқтарды,
билеген талдарды бейнелеп өрнек салған


Қолөнер – қазақ халқының асыл мұрасы ңМәтінді мұқият оқы. Тезистік сөйлемге қарап эссе абзацтарын ре

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
tyrda45
19.06.2020 10:36
Менің сүйікті фильмім "Шерлок Холмс". Мен шытырман оқиғаларды жақсы көремін, сондықтан да осы фильмді сүйіп көремін. Маған фильмдегі басты кейіпкерлердің бірден көзге түспес заттардан, болған оқиғаны анық-қанығын айқындап алатыны ұнайды. Шерлок мырзаның жолдасы, Ватсонның қажет кезінде досының жанында табылып, әрдайым көмек көрсетеді. Тығырықтан шығуға септігін тигізеді. Фильмде сол заманның адамдары мен тұрмыс жағдайы жақсы көрсетілген. Шерлок ол жерде тек қана тыңшы емес,әр түрлі жаңалық ашушы және тәжірибе жүргізуші  ретінде көрсетілген. Фильмдегі уақиғалар бір-бірмен тығыз ұяласқандықтан, бұл фильімді та кірпік қақпай көруге болады
0,0(0 оценок)
Ответ:
КатяБойко275
14.07.2020 19:24

Биылғы жылғы қызық оқиғалар

Биыл жазғы демалыс басталысымен мен ауылға кеткен болатынмын. Ондағы достарыммен талай қызықты бастан кештік. Солардың біреуін айта кетейін.

Күндердің бірінде біздің үйдің қой кезегі келіп, мені атам мен әжем қой бағуға жібереді. Мен жаныма досымды ертіп, біріміз атқа мініп, біріміз есекке мініп, бір отар қойды айдап кеттік. Жарты күн өтіп, түскі тамақты ішіп алған соң, досымның ұйқысы келіп, маған «кезектесіп ұйықтайық» деп, өзі жатып қалды. Мен біраз табиғатты тамашалап, қойларды бақылап отырғанымда қалай ұйықтап кеткенімді де білмеймін. Бір кезде оянсам, отар қойымыздың біреуі де жоқ. Досымды оятып, екеуміз не істерімізді білмей, әбден састық. Амал жоқ, ауылға қайта келуге тура келді. Не деп айтарымызды да білмейміз. Бір ауылдың қойы із түзсіз жоқ. «Енді қайттік?» деп еңсеміз түсіп келе жатқанда көрші үйдің қорасының алдында тұрған қойды көрдік. Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей, қораға жақындап келсек, әлгі үйдің қойлары түгел орнында. Досым екеуміз аң - таңбыз. Бұл сонда қалай болғаны? Қойлардың өздері қайтып кетуі мүмкін емес. Сөйтсек, ауылда қалған достарымыз келісіп, осылай әзілдеспек болған екен! Мұны естігенде, әрине, алдымен достарымызға біраз ренжідік. Бірақ уақыт өте келе, бұл әзіл есте қаларлықтай оқиға болды.  

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота