1. Синоним емес қатарды көрсетіңіз. A) байсалды, байыпты
B) шалғай, қашық
C) сәт, мезет
D) ағайын, туыс
E) көмескі, ескі
2. Антонимдес сөз тіркесін табыңыз.
A) асқар тау, телегей теңіз
B) кең дала, айдын көл
C) денсаулығы жоқ, ақшасы бар
D) тал түсте, күз мезгілде
E) ала жаздай, қыс бойы
3. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) момын кісі
B) жуас адам
C) ақ ниетті
D) терең ойлы
E) ыстық ықылас
4. Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) ашық терезе
B) ашық мінез
C) ашық дала
D) қолы ашық
E) ашық әңгіме
5. Синонимдік қатарды табыңыз.
A) алыс, ұзақ, биік
B) түзу, тура , ұзын
C) қиын, оңай, оңаша
D) алтын, күміс, қола
E) дидар, ажар, келбет
6. Антонимді табыңыз.
A) ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер
B) іші жылу – көз жұму
C) аяқ алысы – қолы жүру
D) табанын жалтырату – қарасын батыру
E) ат қою – айдар тағу
7. Қайсысы “полисемия” сөзімен мағыналас?
A) синоним
B) ауыспалы мағына
C) тура мағына
D) көп мағына
E) омоним
8. Антонимді табыңыз.
A) уақ-түйек, майда-шүйде
B) құт-береке, мәз-мейрам
C) бүге-шіге, егжей-тегжей
D) азын-аулақ, қым-қиғаш
E) бұрын-соңды, ертелі-кеш