Объяснение:
Құрметті,Ақтан жас!Сен туралы,сенің өмірің жайлы өр ақын Дулат Бабатайұлының өлеңінен білдім.Сен жетім баласың,болашағың бұлыңғыр.Бірақ мен бір құпияны білдім.Саған хат жазуымның себебі де сол - маған сыры мәлім болған бір құпияны сенімен бөлісу еді.
Дулат Бабатайұлы жырлаған секілді сен жалғыз емессің.Сенің қасыңда халқың бар.Шынымен де,ақын айтқандай қажыма.Себебі,мен білген құпияның мәнісі - мейлі сен жетім бол,мейлі кедей,мейлі бай бол,егер сен халқыңның жанашыры бола білсең ешқандай қиындықтан жеңілмейсің,бір шыңнан топ жарып шығасың,Сондықтан да,мойыма,алға жылжы дегім келеді."Атаңның баласы болма,а бол" дегендей,еліңнің қамын жеп,елдің адамы бол дегім келеді.Адамдар тек қана жақсы және жаман боп бөлінеді.Басқаша бөлінбейді.Өмірде сенің жетімдігің маңызды емес.Маңыздысы сенің жақсы адам болғаның,басқаларға тек жақсылық жасағаның.Сол себепті,мен де сенің болашағыңа үлкен үміт артып,сенімен бірге белестерді бағындырғым келеді.Біз жас болсақ та,біздің арманымыз асқақ,мақсатымыз айқын ғой.
(Сенің есімің/твоё имя).
Араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім әскері Қазақстанның оңтүстігіне 714 жылы қарулы күшпен басып кірді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Осы кезде Мауеренахрдағы бауырластарына үнемі қол ұшын беріп отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың жаулап алған жерлеріне үлкен қауіп төндірді, себебі олар Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқант пен Бұхараның автохтонды тұрғындарын қолдап отыру үшін әскер жіберіп отырды. Арабтардың Испиджабқа (Сайрам) жоғарғы түркештердің қолбасшысы Әбу Мырзақым (Сүзеген) қаған араб экспанциясына сәтті тойтарыс беріп бірнеше рет жеңді. Басында арабтар Оңтүстік Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды. 737 ж. қарай түркеш атты әскерінің көмегімен Мауереннахр әскері жерлерін араб секілді шетелдіктерден тазартты. Бірақ таққа талас барысында Сүзегеннің өлтірілуі Түркеш мемлекетін әлсіретті, сол себепті арабтың аймақ бастығы Наср ибн Сейяр осы жылдан бастап қайтадан Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады.
Б. Ғафуров: «714 ж. Кутейб Шашқа қайтадан шабуыл жасады. Ол Шашты жаулап алып, өз ордасына айналдырып, Испиджаб бағытында жорыққа аттанды. Кутейбті бұл қаланың сауда орталығы екендігі емес, оның стратегиялық маңызы қызықтырады: Испиджабты алып, Кутейб Орта Азиялық одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып тастауға талпынды,» —деп жазды. Жорыққа сарбаздарымен бірге миссионерлер де қатысты, алайда арабтардың шегінуі дін уағыздаушыларына жаңа дінді таратуға мүмкіндік бермеді. Бұл аймақта көптеген конфессиялардың болғаны белгілі. Әсіресе, зәрдүстілік қомақты орын алды. Бірақ исламның таралуына байланысты зәрдүстілік қудалауға ұшырады. Оның жазба әдебиеттері жойылды. Басқа манихейлік, будда, христиан діндері де осындай жағдайға душар болды.