
Кішкентай кезінен бастап адамдардың бір - бірімен соғысып жатқанын көріп, жүрегі оны өзіне жақын қабылдап, соны ойлаумен болады. Ол адамның ақыл ойына, санасына, дамуына үлкен қауіп келтіреді. Әрине бұның бәріне соғыс кінәлі. Бейшара, бейкүнә балалар талай нәрсені көріп жатыр. Сириядағы соғыстан кейін ешқандай адамның жағдайы болмай, қайыршы болып қалады. Ал олардың кішкентай сәбилері одан да үлкен қиыншылықтарды көреді. Ал біз болсақ кішкентай қиыншылықтарды көтере алмай анамызға жылап арыз айтамыз. Ал олар өздерінің іштеріне жасырып, ата - анасын алаңдатпауға тырысады.
Объяснение:
Қысқа ғана ғұмырында артына өлшеусіз мұра қалдырған, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың саналы ғұмыры білім алуға деген ұмтылыспен, талаптанып ізденумен өткен. Елінің келешегі өнер мен білімде деп білген ақынның мақсаты оқу оқып адам болу, туған халқына пайдасын тигізіп, жарық күні болу, надандықпен күресіп, еліне білімнің сәулесін шашу болатын. Сондықтан да ақынның мұндай тақырыптағы өлеңдері өткір, өр рухты болып келеді. Ізденіс, ұмтылыс сарынындағы «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінде ақынның лирикалық кейіпкері жалынды сөздерімен өжет мінез көрсетеді. Бұл өлеңдегі лирикалық кейіпкер – ақынның өзі. Өлеңде адам болу, толыққанды азамат болу мақсатын, ақындық ұстанымын танытады. Танытып қана қоймай, өзіне-өзі серт береді. Надандықпен ая күреске түсіп, жарығы көмескі жұлдыз емес, сәулелі толған айдай болу мақсатын білдіреді. Бұл оның өміріндегі басты мақсаты болатын. Ал оның кілті – білімде деп ұғатын ақын, осы сертте орындамай, «елдің бетін көрмен» деп өзіне қатал үкім де шығарады.