dashka1035
02.01.2021 00:26

Мәтінді ұқият тыңдап, негізгі ойын анықтаңыз. Берен қандай мәселелерін көтереді? Сызбаны толтырып, жазғаныңызға сүйеніп баяндаңыз.
Бал ашамын деп бәлеге қалған
Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын
айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал.
- Мен сендерге бір әңгіме айтайын, деді Бәріміз әлі кісіге қарап елең еттік – Бұл
өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. Қазір соғыстың
аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас.
Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен
ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа
алып бара жатты. Бүгінгідей белек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп
жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген
тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда
бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз
пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке
- Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты
шашып кеп жіберіп
— Жаудың беті қапты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті.
«Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер?
Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп, Орысша
да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ
аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің
неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», -
деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға
жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек
байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
YanaKotsyuk
01.06.2023 06:22

Менің арманым.. . .

     Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу.

      Бала күндерімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсірдім, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым.  Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды. 

   Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам.

     Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Mashaaakuzzz
27.01.2021 06:53

Табиғат ресурстары — табиғат элементтері, барлық табиғи шарттар жиынтығының бір бөлігі және қоғам мен қоғамдық өндірістің әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік күштердің берілген даму деңгейінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғи ортаның маңызды құрамдас бөлшектері. Табиғи ресурстар оның үдерісі кезінде пайдалануға және кейіннен қайта өңдеуге ұшырайтын табиғатты пайдалану нысаны болып табылады. Табиғат ресурстарының басты түрлері — Күннің қуаты, Жердің ішкі жылуы, су, жер және минералдық ресурстар — еңбек құралдары болып табылады. Өсімдік ресурстары, жануарлар әлемі, ауызсу, жабайы түрде өсетін өсімдіктер — тұтыну заттары болып табылады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота