Qudipue1
14.03.2021 08:34

8 - сынып Тест
1) Тастың пішіні қандай?
А. Ұзыншақ
Ә. Домалақ пішінді
Б. Тамшы пішінді
В. Сопақ

2) Серуен құруға себепші болған кім?
А. Төлен
Ә. Жасаған
Б. Қазыкен
В. Таңатар

3) Бойшаң, арық, шашын сол жағына қайырған, көзілдірігі бар кісі кім?
А. Төлен
Ә. Жасаған
Б. Қазыкен
В. Таңатар

4) Әр кейіпкерді жұп-жұбымен сәйкестендір:
1. Әбен
2. Қазыкен
3. Таңатар
4. Төлен

А. Перузат
Ә. Айгүл
Б. Әсел
В. Ұлдай

5) Жасағанның ғылым жолына түсуіне себепші болған кім?
А. Ағасы
Ә. Әкесі
Б. Анасы
В. Өзі

6) Ғалымның Талас жазба ескерткіштерін зерттеудегі мақсаты не?
А. Алып батырлардың басынан кешкен ерлік жорықтарын зерттеу
Ә. Орхон-Енисей, Талас жазба ескерткіштері тұсындағы VI-VIII ғасыр тұсындағы түркі қағандары мен бектерінің жорықтарын зерттеу
Б. Жалпы түркі мәдениетіне ортақ мұралар тілінің қоры қазақ тілінде қаншалықты сақталғанын зерттеу
В. Ғарыштан түскен ғажайып тастарды зерттеу

7) Жасағанның ғылым жолында жүргеніне қанша жыл болды?
А. 15 жыл
Ә. 20 жыл
Б. 25 жыл
В. 30 жыл

8) « Тарихымызды білмесек ,кім екенімізді қайдан ұғамыз?» кімнің сөзі?
А. Төлен
Ә. Жасаған
Б. Қазыкен
В. Таңатар

9) Төленді мазалап жүрген мәселе
А. Тіл мәселесі
Ә. Халық мәселесі
Б. Төл әліпби мәселесі
В. Туған жер мәселесі

10) Жыланнан қорқып қалған кім?
А. Төлен
Ә. Жасаған
Б. Қазыкен
В. Таңатар

11) Тасты тауып алған кейіпкер?
А. Төлен
Ә. Жасаған
Б. Қазыкен
В. Таңатар

12) Тастағы жазуды кім бірінші байқады?
А. Төлен
Ә. Жасаған
Б. Қазыкен
В. Таңатар

13) Жасаған таңбалардың ізін немен тазалады?
А. Күрекпен
Ә. Бәкімен
Б. Пышақпен
В. Шыбықпен

14) Тастағы жазуды кім оқыды?
А. Төлен
Ә. Жасаған
Б. Қазыкен
В. Таңатар

15) Тасқа жазба қалдырған кімдер?
А. Ай ғаламшарының ғарышкерлері
Ә. Жер ғаламшарының ғарышкерлері
Б. Күнгей ғаламшарының ғарышкерлері
В. Жұлдыз ғаламшарының ғарышкерлері

16) Жасаған табылған тас туралы кіге хабарлады?
А. Балбек Ерқуатұлына
Ә. Жанқуат Пазылұлына
Б. Жүніс Сахиевке
В. Өзге ғаламшарлықтарға

17) Аспан адамдарымен кім кездесті?
А. Төлен
Ә. Жасаған
Б. Қазыкен
В. Таңатар

18) Аспан адамдары қандай өтініш қалдырды?
А. Кирилица таңба жазуына көшуді
Ә. Талас таңба жазуын ұмытпауды
Б. Басқа ұлттың таңба жазуын қолдануды
В. Барлық жауап дұрыс

19) « Оған дейін біздің төл алфавитіміз ғана емес, осы ана тілімізде барлық адам сөйлейтін болуы тиіс» деген ой кімнің жадында жүрді?
А. Төленнің
Ә. Халықтың
Б. Қазыкеннің
В. Ғалымдардың

20) « Жарық ғаламшарының тұрғындарына! Радиодабылдарыңызды алдық! Елшілеріңізді асыға күтеміз! Сәлеметте жолығайық! Жер тұрғындарының атынан академик ...» деп жазып, астына қол қайған кім?
А. Балбек Ерқуатұлы
Ә. Жанқуат Пазылұлы
Б. Жүніс Сахиев
В. Жасаған

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
oilga03
30.04.2022 12:37

Ғаламтор туралы диалог құрастыру.

Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?

Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.

Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.

Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.

Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
dariyakazakova1
15.06.2021 14:15

Кітапхана туралы диалог.

- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.

- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?

- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.

- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.

- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.

- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.

- Ендеше бағымды сынап көрейін!

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота