
1. Адамның тағдыры өз қолында себебі адам өзі қалай өмір сүргісі келсе соған талпынады армандайды мақсат қояды сол арқылы өз өмірін өзгерте алады.
2. Себебі әр адамның ең бастысы жақын адамдары отбасы қасында
3. Адамдарға достық ниетпен қарау дегенді басқа адаммен араласып көмек беру деп түсінемін.
4. Сыйластық,сөйлеу мәнері, адамға жақсы ниетпен қарау,т.б.
5. Жоспарлаудың адамның бақытты болуына әсері өте зор. Себебі сен жоспар құру арқылы армандайсың және сол арман арқылы үлкен белестерге жетесін. Жоспар құру арқылы адам өмірін басқа арнаға бұруға болады.
6. Ерік- күшті тәрбиелеу дегенді спортпен шұғылдану, күшімізді жаттықтыру деп түсінемін.
7. Өзін тәрбиелеу деген бойындағы жаман қасиеттерден арылуға тырысу және жақсы қасиеттерді арттыру.
8. Күнді жоспарлау арқылы уақытты тиімді өткізуге болады,жаңа тіл меңгеруге болады, жаңа сөздерді үйренуге болады айта берсем көптеген жетістіктерге жетуге болады.
9. Иә ұнады. Себебі Алленнің бағдарлары арқылы өмірімізді өзгертуге болады.
Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.