Объяснение:
1.-Арман суретте кімдер бейнеленгеннің білесін бе?
-Иә, Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезов
-Жарайсың Арман
2. -Ал ,сен Диас белісең бе олар кімдер екенің?
- Әрине,олар атақты ақындар
3.-Арман, олар қай ғасырда өмір сүрген?
- Олар 19-20 ғасырларда өмір сүрген.
4.-Диас ,Осы кісілердің қандай шығармаларың білесің?
-*Жетім*, *Ғылым таппай мақтаңба* деген шығармалары таныс
5.Қалай ойласың бүгінгі тақырыпта не туралы айтылуы мүмкін?
-Менің ойымша бүгінгі тақырыпта атақты ақындар мен жазушылар туралы айтылады
Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі.[1]

Аңшылық
Қазіргі Қазақстан жерінде адамдар аңшылықпен ежелгі палеолит дәуірінен айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жануарларды аулау, адам қорегінің басты негізі болды. Мысалы, адамдар Жайық өзенінің бойынан мамонттар мен жүндес мүйізтұмсықтарды аулап, олардың сүйектерінен әр түрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер, біздер жасаған. Сонымен қатар адамдар аң терісінен киім тігуді де үйренген. Аң аулау дәстүрлері мен тәжірибелері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, аң аулау шаруашылығы дамыған. Соған байланысты қазақтар арасында аңшылықты жақсы меңгерген мамандар – аңшы (аңды аулаушы), аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы), құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын), бүркітші (бүркітті баптай алатын) және қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын) пайда болды. Олар аң аулаудың айла-шарғыларын (ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау, тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау, құспен, итпен қуу, түтін, жемтік салу, мұзға отырғызу, т.б.) жетік меңгерген. Аңшылық мақсатына қарай кәсіптік, спорттық-әуесқойлық және ғылыми