Сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық қауіптілігі:
Билік басындағы тұлғалар жеке пайдасын көздеп мемлекеттік саясатта айтқандарын жүргізеді, сол әрекетімен билікке кең көлемде әсер етеді, бұл қоғамдық пайданы іске асыру үшін жасалатын билік қызметінен де бірнеше есе асып түседі. Қоғам өміріне барынша ықпал жасайтын маңызды шешімдер сыбайластық негізінде қабылданады немесе түрлі үлгідегі «көлеңкелі фигераларға» тәуелді болғандықтан сыбайластарды жасыру үшін жасалады.
Сыбайлас жемқорлықтан келетін тікелей шығындар мемлекеттік бюджеттің табысын азайтады, өндірілетін жалпы ұлттық өнім көлемі жанама түрде азаяды.
Сыбайлас жемқорлық көлеңкем экономиканы кеңейтеді, бәсекелестікке кері әсерін тигізеді, себебі «пара» бәсекелестік емес мүмкіндіктер жасайды. Бұл нарықтық қатынастарды бұзады, жалпы экономика тиімділігі төмендейді, есесіне жаңа сыбайлас монополиялар құрған, көбінесе ұйымдасқан қылмыспен байланысы бар экономикалық қатынастар орнайды.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің нарықтық ойындар ережелерді адал, таза ұстауды қамтамасыз ететін мүмкіндігінің айырады, бұл нарықтық идеяның өзіне сенімсіздік туғызады,«орбитрд судья» қызметін атқаратын мемлекеттің беделін түсіреді.
Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерінің арасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, қара киімділер аталған Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орта Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік қағандығының әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан түргештер мен қарлұқтар араб халифаты әскерінің көмегіне сүйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айырылды. Бұл өз кезегінде түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.