Қазақтың ұлттық этикеті мен сөз әдебінің үлгілерін пайдалан: «Өтінемін!», «Айтып жіберші», «Рақмет!», «Көп жаса!» Т.С.С. қазақтың ұлттық этикеті, сөз әдебіне қатысты орамдарын қолдан.
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер. Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында. Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
Оқушы сабаққа келгенде қажетті кітап, дәптер, жазу-сызу құралдарымен келуі керек. Әр сабақтың алдында сол сабаққа қажетті оқу құрал – жабдықтарын дайындап қоюға тиісті.
2. Сабақ кезінде оқушы мұғалімнің айтқандарын тиянақты тыңдап, жазып отыру керек. Үй тапсырмасын күнделікке мұқият жазып алу керек, аптаның соңында мұғалім күнделікті тексеріп, ата-ананың қолын қойдыруды талап етеді.
3. Мектеп оқушыларына тыйым салынады:
- өзімен бірге сабаққа кедергі жасайтын заттарды, басылымдарды, ойын заттарын әкелуге;
- ақша салып ойнайтын ойындар ойнауға;
- бөтен нәрселер әкеліп сатуға, айырбастауға;
- сабақта, үзіліс кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзуға;
4. Оқушылар бір - бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.
5. Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек.6. Оқушылар себепсіз сабақ босатпауы тиіс, босатқан күнде себебін мұғалімге жеткізуі керек.
7. Ауру себепті немесе басқа да себепті жағдайлармен сабақтан қалғанда, оқымай қалған сабақтарын мұғалімнің көмегімен оқып түсінуі қажет.
8. Оқушылардың білімі мен тәрбиесі үшін жасалған мектептептің барлық талаптарын оқушылар міндетті түрде орындауға тиісті.
9. Оқушылар мектептің ішкі- сыртқы тазалығын сақтауға, кезекші оқушылардың талаптарын орындауға міндетті. осындай оқушылар өте зейінді деп атайды
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку