Жалпы а өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады емес пе?
Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану.
«Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек.
Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады.
1) Бал ұстаған бармағын жалар
2)Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді
3) Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін
4) Алтын менен күмісті
Зергер үшін жаратқан
Арқар менен құлжаны
Мерген үшін жаратқан
5) Шебердің инесі де алтын,
Cоққан күймесі де алтын
6) Шеберді саусағы асырайды
7) Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды
8) Диқан жерді анасындай сүйеді,
Жер диқанын баласындай сүйеді
9) Егіншіні кетпеннің жүзі асырайды
10) Малды баға білмеген пайданы таба білмейді
11) Жұмысы жоқтың ырысы жоқ
12) Ата кәсіп балаға нәсіп
13) Күндіз қойын күтерсін,кешке жүнін түтерсің
14) Тігіншіні инесі асырайды
15) Диқан бабаның кетпенінен,
Шопан атаның таяғынан.
Орақшының жаманы орақ таңдайды
Объяснение: