Егер мен хан болсам, қайтер едім? деген сұраққа жауап беру оңайға соқпас. Себебі хан болу үшін ең алдымен адамға үлкен жауапкершілік пен әділдік керек, өйткені ел билеу оңай шаруа емес. Сенім артқан халықтың үмітін ақтап, әділ ел билеуші болу өте қиын шаруа.
Мен өз басым хан болсам, алдымен қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға бар күш - жігерімді жұмсар едім. Материалдық жағдайы қиын отбасыларын әбден оңалып кеткенше салықтан босатып, жұмысқа орналасу мәселелерін реттеуші едім.
Одан кейінгі ретте қарт кісілердің жағдайын ойластырып, әлеуметтік мәселелерді қолға алушы едім. Себебі "қарты бар ел - қазыналы ел" демекші осы үлкен кісілердің ақ батасын алып, пейіліне бөленудің өзі үлкен қуаныш.
Сонымен қатар қайырымдылқ жасау шараларын қолға алушы едім, себебі қайырымдылық жасау - кең пейілділік пен мейірімділік белгісі. "Кең болсаң, кем болмайсың" демекші, ол жақсылығың да саған міндетті түрде қайтып келеді. Әзірге осы.
Бірақ мен бір сәтте хан болып, ел билеу ісіне араласып кетпейтінім анық. Алдымен оқуымды жақсы оқып, қалаған мамандық иесі атанып, талмай білім алу керек. Себебі, білім - болашаққа жасаған үлкен инвестиция. Болашақта осы білімімнің арқасында үлкен жетістіктерге жетіп, ел басқару ісіне де біршама жақын болатыныма сенемін.
Объяснение:
1.Қазақ тілінде неше септік бар.
В) жеті септік
2.Бірыңғай бітеу буынды сөздер қатары
С) Жаңбыр, достық
С) Жаңбыр, достық Д) қазақ, наурыз
3.Тасымалдауға болмайтын сөз
Е) қарт
Қа - рт. Қате!
Қ - арт. Қате!
Қар - т. Қате!
4.М.Мақатев қай жылы дүниеге келді?
Д) 1931 жылы
5. Барыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз
«Асқар көршісіне тез келуді ескертті»
С) көршісіне
Кімге? Көршісіне
6.Туынды сын есім
В) сабырлы
Сабыр - лы
7.Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есім
Д) Шәкіртпіз
8. Түбір сөздер қатарын табыңыз
E) Сурет, ән, күй
9.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша
С) - мен, - бен, -пен
10.Ұяң дауыссыздан басталған сөз
Е) жалқау
11. Мемлекеттік тудың авторы кім екенін анықтаңыз.
B) Ш.Ниязбеков.
12.Жалғаудың неше түрі бар:
D) 4
13.Ұлттық валюта күні қашан?
С) 1993 ж.15 қараша
14.Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз
Е). заттың түрін, түсін
15.Сын есімді сөз тіркесін көрсетіңіз
Д). адал адам
Қандай адам? адал адам.
16.Сан есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыз
Таңертең сағат жетіде тұрамын.
А. жатыс септік
17.Реттік сан есімнің жұрнақтарын табыңыз
В). –ыншы,-інші, -ншы, -нші
Мысалы: бірінші
18.Абайдың халықты оқуға, білімге шақырған өлеңі
D) Ғылым таппай мақтанба"
19.Үндестік заңына бағынбайтын сөз
Д) Қарағанды
20.Езулік дауыстылар
В) е, і
21.Омонимді белгілеңіз: "Ол сенен он жас үлкен".
С) он
22.Шығыс септігінің жалғауларын көрсетіңіз.
B) -нан, -нен, -дан, -ден, тан,-тен
23.Қос сөзді көрсет.
Е) Күні-түні
24.Дара сын есімді көрсет.
С) Әдемі
25.«Жоғары» сөзінің антонимін көрсет
В) Төмен