Сабақтардан кейін мен тез жиналып, үйге барамын. Бүгін әкем үйге ертерек келеді, сондықтан біздің отбасымыз бІрге кешкі ас ішеді. Осындай отбасылық ас ішу күнде болып жатпайды. Мен мектептен қайтамын. Сол кезде анам ас дайындап тұрады, ал менің сіңлім оған көмектеседі. Әкем жұмыстан келеді, біз кешкі ас ішуге отырамыз.
Кешкі ас үстінде біз тек тамақ ішпейміз, сонымен қатар әңгімелесеміз. Мен және менің қарындасым мектепте және күндіз не болғанын айтамыз. Әкем жұмысы жайында және тағы басқа қызықты оқиғаларды айтады. Анамды тыңдау -сондай қызық десеңші! Оның айтқан әңгімелері өте күлкілі. Кешкі ас шай ішумен аяқталады. Мен осындай кештерді ұнатамын. Олар- өте қызық, күлкілі. Бірақ кеш аяқталады. Мен жақсы көңіл күйде сабақ оқуға кірісемін. Жатарға аз уақыт қалса да, әйтеуір, бір нәрсе жасап үлгеремін.
«Тіл тазалығы – жан тазалығы» демекші, тіліміз – біздің ең басты байлығымыз. Өз ана тілімізде сөйлеу біздің міндетіміз деп білемін. Бұл ретте К.Паустовскийдің: “Әрбір адамның өзінің ана тіліне деген көзқарасына қарап, оның мәдени дәрежесіне ғана емес, сонымен бірге азаматтық қасиеті жөнінде де мүлтіксіз баға беруге болады» деген сөздері дәл айтылған.
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!
Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.
Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.