1)Ақпарат қорғау (Защита информации) — 1) қорғалатын ақпараттың сыртқа шығуын, қорғалатын ақпаратқа рұқсат етілмеген және кездейсоқ әсерлерді болдырмауға бағытталған іс-әрекет; 2) ақпараттың сыртқа шығуын, оның ұрлануын, жоғалуын, рұқсатсыз жойылуын, өзгертілуін, рұқсатсыз көшірмесі алынуын, тежеуін болдырмау үшін жүргізілетін шаралар кешені; 3) мәліметтер өңдеу жүйесінде — мәліметтер үшін белгіленген шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған үйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдар.
2)вирус — арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады.
3)Пароль (Password, parole, watchword) - желімен байланысу үшін немесе құпиясөзбен қорғалған ресурстардағы мәліметтерді, файлды оқу мақсатында енгізілетін құпия код (сөз); сондай-ақ бағдарламалар мен мәліметтерді рұқсатсыз пайдаланудан қорғау амалы; желіге кіру үшін рұқсатсыз пайдалануға болмайтын файлдарды оқу үшін қолданылатын жасырын бүркеме атау. Ол кез келген символдар комбинациясынан тұрады да, ұзындығы көбінесе 15 символдан аспауы тиіс. Парольді енгізіп жатқанда оның символдарының орнына экранда жүлдызшалар (*) бейнеленеді.
Әкем-ақылшым.
Әр отбасында әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі өзіме үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанам. Отбасының береке, ынтымағы үшін әкемнің әділ, ұстамды болуы мен үшін орасан маңызға ие. Отбасымыздың ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – менің әкем.
Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
«Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені біз үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - менің сүйікті әкешім. Әкем менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым. Мен сізден көп тәрбие алдым.
«Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері - біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін