Би-шешендердің сөздері - халықтық тәлім-тәрбие құралы.
Қазақ халқы – сөз қадірін өз қадірім деп білген,кеңдігін де, елдігін де,кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғыза білген халық."Өнер алды - қызыл тіл" демекші,сөздердің ең асылы - шешендік сөз болған.Шешендік сөзбен шешімін таппас дауды шешіп қана қоймай,соғыста қарсыласты жеңген.Қазақ шешендік өнерінің майталман өкілдеріне:Майқы би,Жиренше,Асанқайғы,Саққұлақ шешен,Ақтайлақ шешен,Төле, Қазыбек, Әйтеке билер және т.б. жатады.Осындай би-шешендерімізден қалған сөздерді халқымыз ауыздан-ауызға жеткізіп,тәрбие құралына айналдырған.Оған дәлел,Қазыбек бидің:
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат,
Асқар таудай әкең қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Туып-өскен елің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат,-деген сөзінде үлкен тәрбие жатыр.Отанды,отбасыңды,елің мен ар-ұятыңды қастерлей біл дегісі келген.Халқымыздың әр би-шешеннің сөзінде баға жетпес даналық ойлар бар.
1948 жылы әлемде алғаш рет табиғатты қорғау одағы құрылды. Бұл одақ жерден жойылып бара жатқан жануарлар туралы кітап шығарды. Бұл Қызыл кітап деп аталды. "Қызыл Кітап" атауын ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынған. "Қазақстанның Қызыл кітабы" алғаш рет 1978 жылы жарық көрді. Қазақ және ағылшын тілдерінде тіркелген жануарлар мен өсімдік түрлеріне қысқаша шолу бар. Тіркелген жануардың бейнесі. Қазақстанда тарату картасы, бұл туралы ақпарат. Қазақстанда 18 құстың 489 түрі бар. Олардың 58-і "Қызыл кітапқа" тіркелген. Олар көп аң аулайды.Сондықтан олардың саны азаяды. Енді олар қорғалған. "Қазақстанның Қызыл кітабына" өсімдіктердің 307 түрі енген. "Қызыл кітапқа" Қазақстан жерінде тұратын Барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, Тырна, қызыл қасқыр және т. б. жануарлар мен құстар енгізілген