Бұрынғыдай ақындардың бір-бірінің намысына тиіп сөйлеудің жоқтығын қазіргі ақындардың моральдық тұрғыдан кемелденуі деп бағалайды. Әрине, қоғамның дамуы мәдениеттілікті талап етеді және қазіргі айтыс ру айтысы емес, бүгінде өз руына артықшылық беруді қай орта болса да, төмендік деп таниды. Ал, айтыста, қалайда, жеңу керек болған соң алдындағы адамның сарылығын немесе қаралығын айту, осы деңгейдегі түрлі теңеулерді құрал ету қазірде жас талап арасында жиі кездеседі. Адамның дене бітіміндегі кемшілікті тілге тиек ету бұрыннан бар, алайда, ол кезде тиісетін ақынның сөзі де, жауап берушінің де шешендікпен қайтарар сөзі дайын болған соң айтыстың ширақтығы сезіледі
Объяснение:
Клердің жағдайы өте ауыр болғандықтан өмір бойы дәрінің күшімен отыруға мәжбүр болады. Өйткені оған адофамин мен серотанин жетіспейді. Оған көнбеген өрімдей қыз бұл дерттің алдын алатын басқа амалдарды қарастыра бастайды. Бірде Клер әйгілі Гиппократтың әртүрлі тақырыптағы жазбаларын оқып отырып, өзіне керекті күйзеліс жайлы айтқанын кездестіреді. Гиппократ өз жазбасында депрессиядан құтылу үшін жүзумен айналысуды, күн сайын жүгіруді әдетке айналдыруды, жалпы спортпен шұғылдану маңызды екенін айтады.
Спорт - көңіл күйді көтеріп, өз-өзіңізді көңілді сезінуге көмектеседі. Өйткені жаттығу барысында эндорфин гормоны көптеп бөлінеді. Ал ол гормонды - бақыт гормоны дейді. Ол адам жанын тыныштандырып, рахаттандырады. Бар болғаны жарты сағат жаттығу жасау сізді осындай ауыр аурудан аман алып қалады. Сонымен қатар жүгіру мен жүзу де өте пайдалы екендігін ұмытпағайсыздар.
Спортпен шұғылданатын адамдар өзінің денесін жақсы көре бастайды, денсаулығына мән береді. Сонымен қатар, терең дем алуды да үйренеді. Ал терең тыныс алу кезінде сіз күйзелісті есіңізге де алмайсыз. Міне, осындай күнделікті жаттығудың арқасында Клер өзінің ауруымен мәңгілікке қош айтысты. Қазір Клер спортты өмірлік серігіне айналдырып, ауруды атымен білмейді. Мұндай жағдай бәріміздің де басымызда тууы мүмкін. Сондықтан спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанайық,
жауаптары осы