ВалерияГрузд
07.06.2021 23:28

Кемпірқосақ туралы мәтін құрау.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
reginakajbeleva
22.04.2021 10:50

Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр тамшыларының үлкен-кішілігіне байланысты өзгеріп отырады. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды.[1]

"Кемпірқосақ" cөзі "Кем бір қосақ" сөз тіркесінен шыққан. Жеті түсті доғадан құралғандықтан, доғаларды үш қосқа және бір дара (қосақсыз) доғаға бөлуге болады. Соңғы қостың бір қосағы кем болғандықтан "кем бір қосақ" сөзі тұрақты сөз тіресіне айналып кеткен. Қазақ тіліндегі ілгерінді ықпалдың нәтижесінде "б" ұяң дыбысы "м" үнді дыбысының ықпалынан "п" қатаң дыбысына айналып, "кемпірқосақ" атауы шыққан

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
rootme
22.04.2021 10:50

Толассыз жауған жаңбырдан кейін аспанда кемпірқосақ пайда болған кезде мен оны жақсы көремін. Ол өте ерекше және жарқын. Радуга келесі түстерден тұрады: қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көк, көк, күлгін. Алайда, бұл түстердің ешқайсысы айқын көрінбейді. Олар бір-бірін кенеттен емес, ақырын толықтырады. Радуга - таңғажайып және қызықты құбылыс.

Пойдет?

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота