
Жерұйық (философия)
Руникалық жазбалардан Тәңірдің қалауымен Түркі мемлекетінің құрылғандығы туралы мәліметтер көп. Жалпы мемлекет Енисей руникасында «Құдай қалауындағы ел» деп аталады. Бұл көне мифологиялық цикл Түркі қағанатының мемлекеттік культінің ажырамас бөлігі. Бүгінгі таңда Орхон жазбаларындағы көне түркілердің мемлекеттігінің және қағандардың дүниеге келу ерекшелігі, Ашина руынан тараған түркілердің тектілігі, жалпы түркі халқының қаһармандығы жан-жақты зерттелген. Руникалық жазбалардағы фрагменттік мәліметтер бойынша көне түркілер мифологиясы – мазмұны жағынан архаикалық болып келеді, атап айтқанда көне түркі мифологиясы тотемді генеологиялық және космогониялық болуымен ерекше екендігі де белгілі. Түркі мифологиясындағы көне түркі мемлекеттігінің пайда болуы туралы миф салыстырмалы түрде элитарлы және сакральды бұқаралық биліктің көрінісі, мифологиялық тұрғыдан жаңа қабатты бейнелейді. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлттық бірегейлік туралы» сөз қозғағанда «халықтың рухының жерұйығы» туралы ой тастайды. Жалпы «Жерұйық» ұғымының концептілік этимологиясын, мифологиялық тұғырнамасын анықтау маңызды мәселе. «Жерұйық» дегенде біріншіден, құтты мекен ойға оралады, ол қазақ халқының тарихында Асан қайғының философиясымен тығыз байланысты. Себебі, Асан қайғы жел маясына мініп халқына Жерұйық іздейді. Сонда «жерұйық» дегеніміз қандай жер және бүгінгі заманда қазақ халқы өз жерұйығын тапты ма деген сауалдарға жауап іздеу кезек күттірмес мәселе. Орхон-Енисей руникалық жазбаларын негізге ала отырып және оларды археологиялық, этнографиялық, мифологиялық деректермен толықтыра отырып, көне түркілердің дүниетаным түсінігін және олардың космогониялық танымын анықтауға негіз бар. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері – түркілер – Ашина руының түркілері – Ордос алабынан ауған жүнді тайпаларының ежелгі ақсүйек әулиетінен тараған ұрпақтар. Осынау жаңа рухани толқынның тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты – Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя жергілікті сақ тайпаларын бұдан арғы мыңжылдықта ғұндардың арынды асау рухының ықпалымен таратып жіберіп, Байкалдан Каспийге дейінгі байтақ өлкені жайлап келген Түркі тайпаларымен біріктіріп, барлығын өз қанатының астына жинаған» [1], – деп атап көрсетуі Қазақ даласының ұлы түркі елінің қара шаңырағы екендігін айқындай түседі. «Жерұйық» концепциясының негізін түркілер заманынан іздеу осынысымен маңызды. Танымал мәдениеттанушы ғалым, профессор Ақтолқын Құлсариева «Қазақ ұлтынан қазақ еліне» атты мақалалар жинағында «Тәуелсіз Қазақстан идеясы – Жерұйық Қазақстан» атты мақаласында: «Біздің ұлттық идеямыз да, ұлттық идеологиямыз да биік азаматтық құндылықтарға негізделген ұлттық келісім рухы негізінде құралып, тәуелсіздік құндылығын ұлықтауы тиіс. Ал сол айтылғандардың барлығын өз бойына сыйдыратын, қысқа да нұсқалығымен бағалы идея «Жерұйық Қазақстан» болмақ», – дей келе, «Жерұйықты желмаямен іздеген арманшыл Асан қайғыдай өз еліне малға шүйгін жері бар, жанға жайлы елі бар болашақ тілейтіні мәлім. «Құтты қоныс» іздеу – әлем халықтарының дүниетанымында жақсы өмірді күткен арман-аңсардан туған рухани интенция» [2], – деген салиқалы ой білдіреді. Яғни, «Жерұйық» концепциясы ғалымның пікірінше, халқы тәуелсіздік құндылығын ұлықтаған құтты қоныс. Себебі, түркі халықтарының рухани әлемінде өзіндік жинақтаушы күшке ие болған ұғымның қатарына «құт» феноменін жатқызамыз. Барлық елдердегідей түркі тілдес тайпалар да бір-біріне жақсы лебізін, игіліктің көбеюін білдіруте тырысқан. [3]. Бұл турасында белгілі түркітанушы ғалым, Ахмет Ташағыл көне түркілер үшін тәуелсіздіктің маңызын Орхон-Енисей жазбаларының мән-мәтінімен түсіндіреді. Оның ойынша «Жерұйық» – түркілер дүниетанымындағы тәуелсіздікпен байланысы бар құтты мекен. «Себебі, түркілердің тәуелсіздікке қол жеткізуі және оны жоғалтуы жайында Орхон жазба ескерткіштерінде барынша тәптіштеліп түсіндірілген. Онда тәуелсіздікті жоғалтудың халық үшін өліммен тең екені, тәуелсіздікті алудың қайта тірілумен, жанданумен бірдей болатындығы және халықтың осындай оқиғалардан сабақ алу керектігі баса айтылған» [4], – деп атап көрсетеді. Егер тарихи деректерге сүйенсек, 630-680 жылдары арасында түркі мемлекеті Қытай басқыншылығына ұшыраған кезеңде тәуелсіздік жолында бірнеше рет көтеріліске шыққандығы белгілі. Нәтижесінде 679 жылы басталған көтеріліс 682 жылы Түркі мемлекетінің тәуелсіздік алуымен аяқталды.
Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі кай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстык жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады. Тілдегі дыбыстар өте күрделі кұбылыс. Оның айтылуындай етіп ешбір графика дэл бере алмайды. Сондықтан айту мен жазу арасында алшактыктар туындап, уақыт өте ол алшақтықтар тілдің табиғатына, дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің даму заңдылығына нұқсан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің зерттеулерінің нэтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан табиғатын сақтауға, одан эрі қарай дамуына оң әсер етуіне жағдай жасайтын дұрыс жазылуын камтамасыз ететін емле ережелері мен нұсқаулар талқыланып, келісіледі. Соның нәтижесінде емле ережелері енгізіледі. Сондьщтан да әлемдегі бірнеше ғасырлық тарихы бар жазу жүйелерінің ең жётілген түрінің өзіне де үнемі өзгертулер енгізіліп отырылған. Осының өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында алшақтықтар кездеседі.
Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтыктар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі XX ғасырда коғамдык кажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша
жэне жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын жазбаша формада дәл беру болып табылады. Осы мақсатты көздеген кез келген графика пайдалану барысында туындаған кемшіліктерді жою үшін өз тілдерінің ерекшелігене сәйкес емле ережелерін бекітеді.
Қазіргі қазақ емле ережесінің тарихына көз жіберсек, оның іргесі 1940 жылы кириллицияға («орыс жазуынаң) көшкен кезде қаланды [28,178]. Қазақ тілі емлесінің осы жазу бойынша түзілген қағидаларының 15-16 жылдық тәжірибеден кейін кем-кетігі ескеріліп, біршама реттелген нұсқасы 1957 жылы ұсынылып, заңдастырылды, яғни үкімет тарапынан арнайы каулы қабылданып, бекітілді. Европа елдері мен кытай, үнді, жапон сияқты халықтардың, жүздеген, тіпті кейбіреуінде мыңдаган жылдарға созылған жазу үрдісі бар халыктардың дұрыс жазу қағидаларын үкімет тарапынан бекітіп, көпшілікті соған бағынуға міндеттеу шарт та болмас. Бұларда дәстүр факторы өз-өзінен кызмет етіп жатады. Ал 1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі: А.Байтұрсынұлы түзген қазактың тұңғыш ұлттык жазуы — араб таңбаларын, одан кейін оншакты жыл (1929-1940) колданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап кабылданған кириллицаны пайдалануга мәжбүр болған қазак сиякты халыктың әр жазудың емлесінде дэстүрі калыптасып, орнығып үлгермеді, сондыктан эркім бұрыңғы жазудың тэртібін сактап, алакұлалык туғызуы мүмкін болғандықтан, 1940 жылы жаңа графикага көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 жылғы оның біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан арнаулы қаулымен бекітілген болатын.