mansursatuev
30.03.2023 08:42

5-сынып қазақ тілі 165 бет 8-тапсырма

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
MasterGameTV1
02.10.2021 07:58
Слово дед – Содержимого уха уха к слову, мог внимательно выслушать и узнать навыки. Эстетическое воздействие языка упаковки, его мысли, высказанные по содержанию, яркие, чтобы быть «специально для чувства» должны быть. Кто говорит о ұғатыны ум как слово абая: «слово персона особо ұқпас тока в области Живота, то специально для глаз ұғар слово...» слово Так, что каждый может прослушать разные. В письмах говорится одно-это пройдет, зайдите в один из дата -, то? Поэтому человека, так и умение слушать – культура. Многие из нас, а кого-то другого
0,0(0 оценок)
Ответ:
Joy05
06.04.2023 10:49

Төрткүл дүние дидарына дар­қан даланың кеңдігін көрсетіп, кемел келешекке көпір салған көрменің өткен жексенбіде нүк­тесі қойылды. Шын мәнінде таңғажайып көрме еліміздің экономикалық, саяси, сыртқы байла­ныстарын нығайтуға, индустрияландырудың жаңа сатысына қадам басуға мүмкіндік сыйлады. Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынып, ядро­лық энергетика, оның ішінде атом станциясының құрылысы дамыды. Энергетика базалық сала­лардың бірі бола отырып, дамушы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саласында айтарлықтай із қалдырды. Жылдар бойғы жүйелі жұмыс пен тындырымды тірліктің нәтижесінде Сарыарқа төсінде шағын шаһар салынды. Ол қалашық алдағы уақытта Дүние­жүзі­лік ұйымдардың қарауына берілм­ек. Себебі межелі уақыт таяп, ме­рейлі сәт те келіп жетті. Өз мә­ресі­не жеткен көрме мем­ле­кеті­міздің  мығымдығын, ұлтымыздың  ұлылығын  әлемге  танытты.

Иә, әлемге аты мәшһүр алпа­уыт жобаны да абыроймен аяқ­тадық. Осыдан тура үш ай бұрын бүкіләлемдік қауымдастық бас­шылары мен ел президенттері алдын­да шымылдығы түрілген «ЭКСПО-2017» халықаралық маман­дандырылған көрмесінің жабылуы да сән-салтанатымен өтті. Жаһан жұртының жаңа инно­вациядағы соны идеялары тоғысқан, ғылыми-техникалық жетіс­тіктері мен даму сатысы саралан­ған көрмеде тек мемлекеттердің техникалық әлеуеті ғана емес, төл мәдениеті мен тарихы, тұтас руха­ни­ болмыс-бітімі таразыланды. Нәтижесінде  ел күткен үдеден де биік мүддеге қол жеткіздік.

«ЭКСПО» бізге не берді? Екі ғасыр бұрын әлқиссасы әлемге паш етілген алғашқы көрме Англияның астанасы Ұлыбританиядан бастау алды. Бертін келе АҚШ, Испания, Италия, Франция, Жапония, Корея, Бельгия, Бразилия, Қытай сынды дамыған мемлекеттердің басқаруымен әр бес жыл сайын жүйелі түрде өткі­зіліп тұрды. Кезекті көрме өткізу құқығын осыдан бес жыл тұрын жеңіп алған Қазақстан «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап, баламалы энергия көздерін табу, жасыл энергетиканы жолға қою бастамасын көтерді. Біз таңдаған тақырыпты 161 мемлекет өкіл­де­рінің арасынан 103 ел қолдап, жоғары басымдықпен көрме өткізу құқығын еншілеген едік. Ал сол жеңістің арқасында ТМД және Таяу Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет бізде өткі­зілді. Сонымен, Қазақстан айтулы­ шараны өткізген алпауыт 35 мемлекеттің тізіміне енді. Тіпті, аз уақытта а ң жетістік­терін әлемге паш ететін ең басты алаңға айналды. Небәрі үш айға созылған ауқымды шараға 115 мемлекет пен 22 халық­аралық ұйым өкілдері қатысып, таңдалған тақырып аясында жаңа технологиялары мен жетістіктерін айқындайтын 140 экпозициясын таныстырды. Оның 102-сі энергия үнемдеу технологияларын қолдану болса, 31-і жаңа инно­вациялық технологиялар мен өнертабыстарды қамтыды. Осы уақыт аралығында қатысушы мемлекеттер – ұлттық, халық­аралық ұйымдар – мамандандырылған күндерін, шетел басшылары 105 ресми шара ұйымдастырды. Көрме аясында 8,5 мың ерікті ірік­теліп алынып, 5,5 мыңы қалашық аумағында жұмыс істеу мүмкін­дігіне ие болды. Уақыт шеңбері тар болса да, шараға шартараптан 4 миллионға жуық қонақтар мен туристер келді. Олардың арасында беделді саясаткерлер, әлемдік деңгейдегі ғалымдар, «Нобель» сыйлығының лауреаттары, инвесторлар мен бизнес қауымдастығының өкілдері де бар.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота