Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Бала кезінен өте зерек болып,төрт жасында хат таниды.
Мағжан Жұмабаев алғаш ауыл молдасынан сауат ашқан.
Мағжан 1910 жылы Қызылжардағы медреседе оқып, мұнда шығыс тілдерін үйренеді.
Мағжан орыс тілін жетік меңгергенінің арқасында Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон,Гете сынды ақын-жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Мағжан ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен кіші кезінен сусындап өскендіктен, тұңғыш рет Абай атамызға арнап"Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға"атты өлең жазады.
Мағжан Омбы мұғалімдер семинариясын алтын медальмен бітірген.
Робототехника (чех. robot, robota — еріксіз еңбек + көне грекше: τέχνη — өнер; ағылш. robotics — роботика) – роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы.
Робототехника роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлеу мен қолдану жолдарын зерттейтін ғылым.
Автоматтандырылған машиналар, басқа сөзбен айтқанда роботтар, адамдардың орнына қауіпті жерлерде, немесе зауыттағы құрастыру үдерістерінде жұмыс істей алады. Роботтар сыртқы келбеті бойынша, жүріс-тырысы мен танымы бойынша адамдарға өте ұқсас болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда ғалымдар гуманоид роботтарды барынша адамдарға ұқсас қылуға тырысып жатыр.
Автономды түрде жұмыс істейтін роботтар туралы мәлімет көне кезден бастап ойлана бастаған, алайда сол тақырыптағы зерттеулер XX ғасырға дейін басталмаған. Ертегі кезеңнен бастап, роботтар бір күні адамдардың жүріс-тұрысына еліктейді және де адамдар сияқты адамдардың жұмыстарын істей алады деп болжалған. Қазіргі таңда робототехника тез дамып келе жатқан сала. Технология қалай тез дамыса, робототехника да солай тез дамиды, өйткені робототехника технологиямен тығыз байланыста. Технология дамыған сайын зерттеулер, әрлендер өзгеріп дамиды, соның арқасында роботтардың қолдану аймағы да ұлғаяды. Қазіргі таңда роботтар үйде, кәсіпорындар мен әскери салада қолданылады. Көптеген роботтар миналар мен бомбаларды залалсыздандыру сынды адамдарға тікелей зардап алып келетін жағдайларда қолданылады.
Объяснение: