rusrusik
08.04.2020 11:56

На катке Блестят коньки, блестит каток, Пушистый снег искрится, Надень коньки свои,дружок, Попробуй прокатиться. Пускай тебя щипнёт мороз- Смотри,не испугайся. Пусть замарозит он до слёз- Ему не поддавайся Зат есімдерді тауып,мағынысына қарай сын есімге айналдырып сөйлем құра

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
sssooonnnyyyaaa1
06.06.2021 11:45
Астана – бас қала 
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді. 
«Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жана қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен йымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымны арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Ayla2a011
28.05.2020 13:53
Мектеп – балаларды бүлдіршін кезінен бастап,  есейіп ер жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ордамыз. Мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан соң, жылы шыраймен қарсы алатын, анандай тәрбиелейтін ұстазды көресің.Қазақтың: «Мектеп –кеме, білім- теңіз» сынды мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі  сенің  «МЕКТЕП» атты кемең қай жерге дейін сені жетелесе, сен  де сол жерге дейін барып  биік шындардан  көрінерін анық.    Мен қазіргі таңда Астана қаласындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдететің Ғали Орманов атындағы  №7 мектеп- гимназиясында  оқимын. Бұл мектепке 2005 жылы шілденің 5- ші жұлдызында ұлттық әдебиетіміздің  көрнекті өкілінің бірі , белгілі ақын Ғали Ормановтың есімі беріліп, ақын атамызға арналған мұражай ашылды. Ақын есімін  беру кешіне Ғали Ормановтың қызы, жиені, замандастары мен шәкірттері келді деседі. Мектебіміздің тұсауын да Ғали Ормановтың қызы  Жәмиға апай мен Елордада  Қазақ мектептерінің ашылуына зор үлек қосып жүрген  Әсима  Темкенқызы кесіпті. Салтанатты рәсімдеуде Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат вице-министрі Ержан Бабақұмовтың құттықтау хаты оқылып , ата-аналар тарапынан мұражайға бағалы сыйлықтар тарту етілді.    Осындай өмірі ұрпағына өнеге болған белгілі ақын Ғали Ормановтың жуырда «Ғали ғибраты» атты кеш ұйымдастырылуда. Ол кешке мектебіміздің әр сыныбынан оқушылар қатысып, оның жырларымен сусындатуға  ат салыспақ.   Міне, сол аяулы да ардақты мектебімізге бүгінгі күні 20 жыл толып отыр. Осы мектебіміздің туған күніне байланысты мектепте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Және сол  іс-шараға дамыл таппай ат салысып жүрген аяулы ұстаздарымыз да баршылық. Ойымды қорытындылай келе мен мектебімнің туған күніне  жүрек жарды бар лебізім  жинақтарған мына өлең шумақтарын арнаймын:                                                                                          Мектебім менің, мектебім!          Мектебім  менің, болашағым өркенім,                               
 Бәрі  өзіңде сұлу әуен, көркем үн.
Ылғидағы демеу болсаң артымда ,                               
Сөзсіз күнде теңеледі әр түнім.                                 
Алтын ордам, білім беріп таспалаған,                            
Білімімен әрбір шыңға ол тас қалаған.                            
Ыстығы мен  суығына  бірге төзіп                            
Айналайын «ҰСТАЗ» деген асыл  анадан.                                   
Мектеп деген-алтын ұям, ардақтар,                            
Әрбір шәкірт пікірімді салмақтар                            
 Білім беріп , тәрбиеге үйреткен                            
Туа берсін  өзіңе арналған тармақтар!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота