Midjdjidjdjxjd
14.02.2023 11:52

12. Берілген мәтін қай стильде жазылған? ОА) Ауызекі сөйлеу стиль
В) Ресми ісқағаз стилі
ОС) Ғылыми стиль
D) Публицистикалық стиль
L,
ОЕ) Көркем әдебиет стилі​


12. Берілген мәтін қай стильде жазылған? ОА) Ауызекі сөйлеу стильВ) Ресми ісқағаз стиліОС) Ғылыми ст

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
KoTuKFeed
11.05.2021 03:50
Керней - старинный духовой казахский музыкальный инструмент, поддерживающий боевой дух воинов во время сражений.Камышовые и роговые сырнаи (кос сырнай, камыс сырнай)использовались в пастушьем быте. Игра на этих казахских музыкальных инструментах поднимала настроение одинокому пастуху, шедшему за стадом.Сыбызгы - широко распространенный казахский музыкальный инструмент в народном быту. Изготавливался из камыша, дерева, реже из металла, в виде двух деревянных желобков, скрепляемых нитью полыми сторонами.Саз сырнай - старинный духовой казахский музыкальный инструмент.В 1971 г. при раскопках сожженного в XIII в. древнего города Отрара был найден "предмет величиной с гусиное яйцо с двумя отверстиями по бокам". Это был саз сырнай. Сегодня его тембр - мягкий и теплый передать радость и печаль, пение птиц и завывание степного ветра, стал одним из символов исконно национального искусства. Заслуга возрождения саз сырная, как и других древних казахских инструментов, принадлежит Болату Сарыбаеву - и сследователю и собирателю казахских музыкальных инструментов, профессору, преподавателю Государственной Казахской консерватории им. Курмангазы.Узкирик - духовой казахский музыкальный инструмент типа свирели в форме парящей птицы, родственный саз сырнаю. Изготавливался из глины. Звук узкирика похож на звук ветра, отсюда и его название ("узкирик" значит "свист ветра"). Аналогичный узкирику инструмент, гораздо меньший по размерам, сохранился у башкир. Инструменты, близкие саз сырнаю и узкирику в виде детской игрушки, свистульки существуют у тюркских народов Поволжья. В охотничьей практике казахов, проживающих в Монголии, узкирик выполняет прикладную функцию. Его свистящий звук служит на охоте манком при ловле лис.
0,0(0 оценок)
Ответ:
оксаночка1412
16.05.2022 05:29
Біздің дастарханымыз ежелден-ақ халқымыздың ұлан-асыр жеріндей кең. Таспен ұрғанды аспен ұратын қазақ үйіне келген жанның бірін де дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бас сұққан үйден нан ауыз тимей шығатын жанға қапа болып, көңіліне алып қалатын болған. Бұл қазір де жоқ емес. Үйге аяқ басқан адамды алаламай "Нан ауыз тиіп кетсеңші" деген үйдегілердің сөзі санамызға сіңіп қалды. Олай етпеген жанға "наннан үлкен болғаны ма" деп ренжиміз. Мұның бәрі біздің сан мыңдаған жыл бойы сары майдай сақталған салтымыздың көрінісі. Бүгіндері де ол салттан ары ұзай қоймадық.  Бүгін біз қазақтың мерекелік дастарханының жай-күйімен таныспақпыз: Баяғы салт пен дәстүр ұлттық дастарханымызда қаншалықты көрініс тауып жүр? Сырттан не қосылды?  Ұн тағамдары. Нан Дастархан дегенде оның қақ төрінде шаңырақтың отағасы секілденіп ас атасы жайғасады. Әрине, нан. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазірдің өзінде нансыз ән болмайды, сән де болмайды. Сондықтан қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды. Майға пісірілетін бауырсақ, шақ-шақ, қытырлақ шелпектерді қоса кетейік. Нан тағамдары ретінде печеньелер мен прәндіктерді де атап өтуге болады. Бәліш пен самса, тортты да атаусыз қалдыруға болмас. Сүт өнімдері Одан кейінгі кезекте ақты төкпей қадірлеген қазақ халқы үшін сүт өнімдерінің рөлі ерекше. Бүгіндері баяғы дәстүрді сақтаған халық той-томалақта, түрлі мерекелік жиындарда дастархан басына құрт пен қаймақ, және т.б. сүт тағамдары мен сусындарын қоюды ұмытқан емес. Жеміс-жидектер "Қонақ" тағамдар Қазақтың ақ дастарханына сырттан келген тағамдар баршылық. Қазақ жерінің аумалы-төкпелі замандардан бері сақталған ас мәзірі мен ұлттық тағамдары бүгіндері өз құнын аса жоғалта қоймады. Елімізге бөтен жерден келген дүниелер мен тілімізге шет елден келген кірме сөздер секілді "қонақ" тағамдар біздің де дастарханымызға арнайы ат басын бұрды. Қазақ дастарханына бүгін сән беріп тұрған тағамдардың көбі осы "қонақ" тағамдардың тізіміне кіреді. Солардың ішінде ең ерекше атап өтуге тұрарлығы - экзотикалық жеміс-жидектер. Бүгіндері берекелі дастарханымыздың өңін ашып тұратын мұндай жемістер дастархан басында өз орнын алып та үлгерді. Мұндай сырттан келген жемістер қазақ жерінде өсетін жемістермен (алма, алмұрт, жүзім, өрік, алша, қара өрік) қатар тұрады. Анар, апельсин, құрма, лимон, мандарин, киви, банан, ананас сынды экзотикалық жемістердің қазақ дастарханында орын алғанына да көп болды.  Жаңғақтар Ақ дастарханымыздың тағы бір бұлжымас бөлшегіне айналған тағамдар тізіміне шеттен келген жаңғақтарды айтуға болады. Солардың ішінде америкалық жаңғақтар, грек жаңғақтары, бразилиялық жаңғақтар, кешью жаңғақтары, миндаль бар. Олар өз жерімізде өсетін жаңғақ ағашының дәндері және өрік дәндерімен қатар тұрады. Сусындар Түрлі сауынды сүттер мен ашытылған түйе және жылқы сүттерін көрген ақ дастарханымыз қазір жеміс шырындарымен толы. Газдалған сусындар мен минералды сулар қаптаған дастарханымыздан тек анда-санда қымыз бен шұбатты кезіктіріп қаламыз. Бүгіндері ұлттық сусындар дегенде айқайлап тұрып осыларды ғана айтатын болдық. Ыстық тағамдар Қонақ келгенде алғаш алдына тартатын ас - ет тамақ. Мал баққан халық ежелден-ақ еттен тарыққан емес. Қыдырып келген әр қонағын қорадағы жалғыз қойын сойса да, тойдырып жіберген. Жақыны десе жаны қалмайтын қазақ дос көңілін табу үшін өзі мініп жүрген жалғыз атынан түсіп соны сойып берген. Осындай жомарт халықтың ұрпағы атанған біз де қазір келген қонақты етсіз шығарып салмаймыз. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады. Жай күндердің өзінде қазан көтеріп, қамыр жайып, ет жейтін халық той дегенде аянсын ба? Дастархан басына еттен жасалған тағамдар, салаттар жайғасады. Өзбек ағайындардан келген палау тағамынсыз да той жиын өтпейтіні расқа айналды. Сорпа, мәнті, тұшпара, лағман сынды тағамдар мен қатар қуырылған ет және қуырылған картопты да қонақ алдына тартамыз. Одан бөлек шеттен келген қонақ тағамдар да баршылық.  Салаттар Той-томалақ пен мереке күндері жайылатын ақ дастархан басында кем дегенде екі салат болады. Олар кәбіне көкөністерден жасалады. Әрине, ішінде бауырдан, өкпеден, қара кесек еттен, тауық етінен, жұмыртқа мен басқа да көк шөптерден дайындалатын салаттар жоқ емес.  Тәттілер  Кең дастарханымызды жайып тастағанда ең алдымен жылтырап тәттілер көзге шалынады. Бұрын да, қазір де дастархан сәнін ашып жүрген тәттілер қатарынан науатты және қантты ерекше атап өтуге болады. Одан кейін "жолдан қосылған" қызылды-жасылды орағыштармен қапталған кәмпиттер және шоколадтарды қоса кетуге болады.  Ал шәй туралы ұмыту мүмкін емес шығар "Шәй ішіп кетсең қайтеді, мен ұсынған кеседен?!" демекші, мереке күндері бас сұққан үйімізден шәй ішпей шығу мүмкін емес сияқты. 
Massaget.kz
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота